Құжатты электронды жеткізу

ҚЭЖ-ге тапсырыс беру

Құжаттарды электронды жеткізу (ҚЭЖ) дегеніміз не?

Құжаттарды электронды жеткізу (ҚЭЖ) бұл – Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қорынан сайт арқылы тапсырыс беріп, басылым түрінде құжат көшірмесін (журналдар мақаласынан, газеттерден, кітап беттері үзінділерінен)  алу мүмкіндігі. 

 Тапсырысқа беруге болатын құжаттар : 

  • журнал мақаласынан үзінді 10 беттен аспауы;
  • газет мақаласынан үзінді;
  • кітап беттерінен үзінді 10 беттен аспауы;
  • мәліметтер базасындағы нормативті- құқықтық ақпарат;
  • библиографиялық -тақырыптық тізімдер.

Тапсырысты орындау мерзімі

 ҚЭЖ- де тапсырыс кітапхананың жұмыс күндерінде қабылданады және қажет құжаттың қай филиалда орналасуына байланысты 1-3 жұмыс күндерінде орындалады.

Қажет құжатқа тапсырыс беру қалай жүзеге асады

  •  Қолданушыға қажет құжаттың бар немесе жоқ екенін Виртуалды анықтама немесе кітапхана байланыс телефоны арқылы тексеріп алуға болады;
  • Электрондық тапсырыс беру формасын толтырып, кітапхананың электронды поштасына жіберу немесе кітапхананың байланыс телефонына қоңырау шалу арқылы (871030 5 22 76) тапсырыс бере аласыздар. 

 

ҚЭЖ технологиясы

 Құжаттың көшірмесіне тапсырыс алу;

  • Тапсырысты өңдеу;
  • Құжат көшірмесін дайындау;
  • Электронды пошта арқылы құжат көшірмесін жеткізу.

 

Тапсырыс берген құжатты алу үшін:

 Тапсырыс берген құжаттың электрондық көшірмесі электрондық поштаға жіберіледі.

ҚЭЖ қызметін орындаудан бас тартуға негіз болатын себептер:

  •  Кітапхана қорында құжаттың болмауы;
  • Тапсырыс талабы ҚЭЖ ережесіне сай келмеген жағдайда.

Назар аударыңыз! Жіберілген электронды көшірмелерді тек  ғылыми, мәдени және білім алу мақсатында ғана қолдана аласыздар. Көшірмелерді көбейтіп, заңға қайшы келетін істерге пайдалануға болмайды. (Құжаттарды басқа адамдарға немесе ұйымдарға таратуға тыйым салынады).

Аты-жөніңіз (міндетті)

Сіздің e-mail (міндетті)

Тақырыбы (міндетті)

Сұраныс құжатының авторы

Сұраныс құжатының тақырыбы

Библиографиялық жазба

Құжат туралы қосымша ақпарат