Аудандық Б.Өтешов атындағы балалар үлгілі кітапханасы

24.01.2016
  • Аудандық Б.Өтешов атындағы балалар үлгілі кітапханасы – оқырмандар саны – 2102,электронды қызмет көрсетуді пайдаланушылар – 609, келушілер саны – 20622, кітап берілімі – 41202, кітап қоры –20110 дана, каз. тілінде – 8619дана.
  • 2 компьютер, 2 лазерлік принтер, 1 сканер, 1 ксерокс, 1 МФУ, 2 ИБП, 1 интернетке қол жеткізу ADSL технологиясы. Abbyy Fine Reader, MS Windows XP Professional, MS Windows 7, MS Office 2007, MS Publisher 2007, Nero 9, РАБИС, лицензионды бағдарламалық қамсыздандыру. Интернетке жұмсалған қаражат –  260400 тг.

Қызығушылық үйірмелері (клубы) (барлығының тізімін жасау, мінездеме беру, қай жылдан жұмыс істейді, оның мүшелері кім, жұмыс мақсаты, қандай жетістіктері бар – ең негізгілері);

      Кітапхана жанындағы «Атамекен» өлкетану клубының жұмысы: Өз өлкеміздің  табиғатын, тарихын тануға құмар балалардың «Бәрін білгім келеді» ұранымен жұмыс істейтін  клуб табиғатты қорғау, туған жердің тазалығы жолында қазірден-ақ күресуге әзір жас оқырмандардың басын қосып отыр. «Саялы өлкем, сазды өлкем» атты тұрақты кітап көрмесі  ұйымдастырылып оған 30 дана кітап, мерзімді басылымдар, альбомдар қойылды. Көрме жанында кітаптарға шолу жүргізілді. Жазушы, зерттеуші, аудармашы Ақселеу Сейдімбековтың 70 жылдығына орай шығармаларына шолу өткізілді, балалар жазушысы, ақын Жақан Смақовтың туғанына 80 жыл  толуына арналған  «Балаларға бақыт силаған» атты ертеңгілік 4-5 сынып аралығында өтті, «Сәкен аға асқан асулар» атты фотошежіре ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты: Оқырмандардың білімін тексеріп және жетілдіру, бір біріне деген қарым қатынастарын нығайту.

 Қорытынды: Ойын өте қызықты, тартымды өтті. Шара соңында «Саялы өлкем, сазды өлкем Жаңаарқа» атты  кітап көрмесіне шолу   жасалды. Бұл шараға 24 оқырман қатысты.

Кітапхана ұжымы мен оқырмандары мерекелерге, мерейтойларға орай  ауданымызда өткізіліп жатқан шаралардың бәріне әрдайым үн  қосып отырады.

«Отбасымен оқимыз» клубы: Жаңаарқа аудандық балалар кітапханасы 2011жылы «Отбасымен оқимыз» отбасылық клубы мынандай іс-шаралар атқарды: 4-5 сынып аралығында «Атадан ұлағат» атты әңгіме сағатын,  «Ертегілер марафоны» атты ертегілер әлеміне саяхат, «Отбасымен кітап оқып өсем мен» кітап көрмесін, 5-9 сынып аралығында «Аталы сөз, баталы сөз» танымдық кешін ұйымдастырды.   «Отбасымен оқимыз» клубының  мақсаты балаларды кітапханаға тарту, кітапқа деген құрмет, сүйіспеншілікті қалыптастырып дамыту, болашаққа өз үлесін  қоса білетін ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу кітап әлеміне жас оқырмандарды  ата- аналарымен бірге тарту.

Кітапхана ұжымы отбасылық оқу дәстүрін жаңғырту мақсатында, «Отбасымен оқимыз» клубы жұмысынан басқа да шаралар ұйымдастыруда: солардың ішінде отбасылық абонемент қызметі жөнінде айта кеткен дұрыс. Мысалы, баланың уақыты болмай жатса, оған қажет кітапты әжесі отбасылық абонемент арқылы жаздырып алып, уақытын ұзартып,  қайта әкеліп тапсыра алады.

      «Шебер қолдар» үйірмесі – 2008 жылы ашылды. Клубтың мақсаты: оқырмандарды қол өнер шеберлігіне баулу. Үйірменің мүшесі – Молдабекова Рысбала (төрайымы), мектеп оқушылары.

   Матералды-техникалық база: Ғимараттың үлгісі (типтік, бейімді) – биімді, Кітапхана орналасқан ғимарат (клуб, әкімдік, тұрғын үй және т.б.) – әкімшілік ғимаратында, Алып отырған аумағы – 186,Ғимараттың, үйдің жағдайы (жөндеу жұмысын керек етеді, апаттық жағдайда, күрделі жұмыс керек етеді, жөндеу жұмысы көптен бері болғандары және т.б.) – 2012 жылдың мамыр айында ағымды жөндеу жұмысы жасалды. (жергілікті бюджеттен). Мекен – жайы: Тәуелсіздік даңғылы – 5, Телефон, эл. пошта – 2– 84 – 27,zhancdb@mail.ru

 Жиһаздары: көрме стеллаждары – 3, екі жақты стеллаждар – 8, жұмыс үстелі – 2, компьютер үстелі – 1, оқырман үстелі – 8, балалар үстелі – 5, оқырман орындықтары – 20, балалар орындығы – 8, приставка – 2, берілім кафедрасы – 1, каталогтық жәшік – 4, журналға арналған стеллаж – 6, құжаттарға арналған стеллаж – 1, ілгіш – 2. Техникалық құралдар: телевизор – 1, фотоаппарат – 1, DVD-плеер – 1;

«Электронная библиотека Комиссии по правам человека», СИН халық пайдаланушылығын есепке алу мақсатында қолданушыларды есепке алу журналы жүргізіледі. Кітапханашылар, оқырмандар арасында жарнамалық буклеттер, хабарландырулар, газеттік мақалалар арқылы таратылады.

 Құрылған күні, егер қайта құрылған болса (үлгілі кітапхана ретінде) сол мерзімді көрсету: 1954 жылы кітапхана ашылды, 2010 жылы үлгілі кітапхана болды. Тұрғындар саны – 15 263 адам.

 Жаңадан түскен кітаптар – 507, қазақ тілінде – 428, қаржыландыру – 338309,15 тг. Мерзімді басымдар – 31 дана, қаржыландыру – 122269,15 тг. Көп оқылатын журналдар –Айгөлек, Денсаулық, бастауыш мектеп, Мектептен тыс жұмыс, Қазақстан әйелдері, т.б., мерзімді басылымдар: Егемен Қазақстан, Орталық Қазақстан, Ұлан, Жаңаарқа, Дала мен қала, Жас алаш, Заң газеті т.б.

Қызметкерлері:

Ахметова Маржан Ахатаевна 1958 жылы туған.Еңбек жолын 1975 жылы аудандық кітапханада кітапханашы болудан бастады. 1978-1983 жылдары «Иртышканалстрой» кітапханасының қызметкері.

1983-1985 жылдары балалар кітапханасының меңгерушісі.

1989-1992 жылдары аудандық кітапхананың аға әдіскері.

1993-2007 жылдары аудандық кітапхананың бірыңғай кітап қоры бөлімінің меңгерушісі.

 2007 жылдан бері аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі болып қызмет етуде.

М.Ахметова кітапхана ісін дамытуда қосқан зор үлесі үшін бірнеше облыстық, аудандық кітапханалардың Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталған.

 Иманбаева  Шұға  Ахмединовна 1959 жылы туған.  1975-1977 жылдары Жезқазған қаласының мәдени-ағарту училищесіне «Кітапхана ісі» бөлімінде оқып, кітапханашы мамандығын алып шықты. Кітапхана саласындағы еңбек жолын 1979 жылы аудандық кітапханада кітапханашы болудан бастады. 30 жылдан астам уақыт үздіксіз кітапхана саласында абыройлы еңбек етуде.

1983-1998 жылдар аралығында кітап толықтыру бөлімінде кітапханашы, 1998-2006 жылдары қызмет көрсету бөлімінде аға  кітапханашы, 2006 жылдан аудандық балалар кітапханасында кітапханашы болып қызмет етуде.

Кітапхана саласындағы еңбегі үшін бірнеше марапаттауларға ие болды. Нығманова Сандуғаш Темиртаевна1974 жылы туған. Қарағанды қаласының мәдени училищесінде 1993-1995 жылдары оқып, кітапханашы мамандығын аяқтады. 1993 жылдан аудандық кітапхананың бірнеше бөлімдерінде кітапханашы болып еңбек етуде. 2003-2005 жылдары аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы, 2005 жылы аудандық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің абоненттік залында кітапханашы, 2006 жылы бастап аудандық кітапханаға кітап сақтау бөлімінің  кітапханашысы, 2009 жылдан бері аудандық балалар кітапханасында кітапханашы.