Аудандық С.Сейфуллин атындағы үлгілі кітапханасы

24.01.2016

Аудандық С.Сейфуллин атындағы аудандық үлгілі кітапханасы – оқырмандар саны – 4727, электронды қызмет көрсетуді пайдаланушылар – 1246, келушілер саны – 24731, кітап берілімі –73306, кітап қоры – 38557 дана, каз. тілінде – 27632 дана.

17 компьютер, 1 ноутбук, 3 интернетке қол жеткізу ADSLтехнологиясы, 9 лазерлі принтер, 1 матрицалық принтер, 4 сканер, 2 МФУ, 2 ксерокс, 14 ИБП, 1 проектор, 1 сервер. Abbyy Fine Reader, MS Windows XP Professional, MS Windows 7, MS Office 2007, MS Publisher 2007, Adobe Photoshop, Corel Draw, Nero 9, Kvisoft Flip Book Maker, РАБИС, БД «Заң» лицензионды бағдарламалық қамсыздандыру. Интернетке жұмсалған қаражат – 520800 тг.

Қызығушылық үйірмелері (клубы) (барлығының тізімін жасау, мінездеме беру, қай жылдан жұмыс істейді, оның мүшелері кім, жұмыс мақсаты, қандай жетістіктері бар – ең негізгілері);

«Арай» ашық сырласу клубы С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханада құрылған. 1993 жылдан «Арай» ашық сырласу клубы жұмысын бастады.

 Клубтың қызметі: Тәрбиелік, насихатшылдық.

Клуб отырысы тоқсанына бір рет өтеді. Жоспардан тыс шығармашылық, тәрбие кештері клуб мүшелерімен бірге ақылдасып өткізіледі. Клуб басшылығын қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі және осы бөлімнің кітапханашылары орындайды. Клуб басшылығы жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарын құрады, клуб мүшелері арасында тапсырмаларды бөледі.

Мақсаты: Жастарды отан сүйгіштікке тәрбиелеу, тұрпайы тәртіпсіздікке жол бермеуге, жаман жолдан аулақ ұстау, салауатты өмір салтын ұстау.

Ата дәстүрі бойынша ең әуелі әкені, содан соң ананы, ата-бабаны құрметтеп, солардың алдында ұрпақтың борыштарын өтеу, ананың ақ сүтін, еңбегін өтеу, ата дәстүрлерін құрметтеп, одан әрі ол дәстүрлерді жалғастырып, адамгершілік қағидалардың парыз екенін түсіндіру.

Клуб кеңесінің тізімі:

З.Т. Қызылбаева – төрайым

Г.Ахмедина – жетекші

Д.Ж. Бекбосынов – техникалық көркемдеуші

Клуб мүшелері: мектептегі тәрбие жөніндегі меңгеруші, заң қызметкерлері, дәрігер, АХЖ меңгерушісі, кітапханашылар, үлгілі оқырмандар.

  • Ø«ДАМУ» жастар клубы 2012 жылдың қыркүйек айында ашылды. Клубтың мақсаты – кітапхана жас мамандарын біріктіру, ұжымның ұйымдшылдығын арттыру, әр клуб мүшесі өз ойын толыққанды жеткізу, жаңа жұмыс түрлерін енгізу, жастардың отансүйгіштігін т.б. арттыру.

«ДАМУ» жастар клубы ұйымдастырған іс-шаралар: 17.10.2012 жылы ауыл кітапханашыларына арналған 3 бөлімнен тұратын «Жаңа технологияларды оқыту және жұмыс барысында қолдану» атты семинар-практикум өткізді. Семинарда: «Электронды оқулықтар (букридерлер)» туралы дәріс және тұсаукесер (презентация), «Power Point» бағдарламасында тұсаукесер құру туралы дәріс және тұсаукесер, «Кітапхана жұмысындағы жаңа бағыт» 3D форматында кітап құру туралы түсінік беру, тұсаукесер, «Power Point» бағдарламасында тұсаукесер құру, «Кітапхана жұмысындағы жаңа бағыт» 3D форматында кітап құру іс-тәжірибелік сабақтар өткізілді.

26.12.2012 жылы «Қош келдің, жаңа жыл» атты мерекелік кеш өтті. Кештің басын «ДАМУ» жастар клубының мүшелері «Флешмоб» биімен ашты. Әріптестеріміз арасында ән, би, әзілді ойындар ойнатылды. Эстрада әншілеріне пародия жасалды. «Жастар» атты үш қыздардан құралған әншілер тобы «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты ән орындады. «Санта-Клаус» биі орындалды т.б. көптеген қойылымдар болды. 5 адамнан құралған 3 команда арасында ойын ойнатылды. Ойын: «Кім соңы», «Сиқырлы әріптер», «Қызыл телпек», Өз өнерін көрсету атты 4 айналымнан тұрды. І, ІІ, ІІІ орын алғандарына сәйкесінше сыйлықтар берілді. Кеш соңы клуб мүшелерінің өз сөздеріне жазылған «5 минут» әуеніне ән шырқалды.

5 наурыз 2013 жылы жас кітапханашылар арасында «Көктем ару» атты қыз-келіншектер байқауын өткізді. Байқау 5 бөлімнен тұрады: 1. Бөлім таныстыру, 2 бөлім өнерін көрсету, 3 бөлім дефиле (қағаздан, матадан, т.б. киім тігу), 3 бөлім кім жылдам? (жемістен салат жасау, түйме тігу, бисер тізу), 4 бөлім сұрақ-жауап. Байқау тартысты, әрі қызықты өтті. Көктем аруы есепші Оспанова Шынар атанды, ұйымдастырушылық-әдістемелік бөлімнен Жақыпова Гүлмайра «Үлгілі ару», балалар кітапханасының кітапханашысы Қожамберлина Раушан «Көрікті ару», қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Адилова Жаңагүл «Инабатты ару», жасөспірімдер кітіапханасының кітапханашысы Сейткамалова Алма «Өнерлі ару» наминациялары бойынша марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

  • Матералды-техникалық база: Ғимараттың үлгісі (типтік, бейімді) – биімді, Кітапхана орналасқан ғимарат (клуб, әкімдік, тұрғын үй және т.б.) – жеке, Алып отырған аумағы – 944, Ғимараттың, үйдің жағдайы (жөндеу жұмысын керек етеді, апаттық жағдайда, күрделі жұмыс керек етеді, жөндеу жұмысы көптен бері болғандары және т.б.) – 2010 жылы «Жол картасы бойынша» жөндеу жұмысы болды (5800000); Ғимараттың 2 қабатында 2012 жылы жөндеу жұмысы жасалды. Мекен – жайы:С.Сейфуллин даңғылы – 25, Телефон, эл. пошта – 2 – 75 – 44, 2 – 64 – 48 , 2 – 75 – 50, 2 – 63 – 76, 2 – 67 – 10 , zhanzbc@mail.ru.
  • Жиһаздары: көрме стеллаждары – 48, бір жақты стеллаждар – 3, екі жақты стеллаждар – 50, кресело-орындық – 4, жұмыс үстелі – 17, компьютер үстелі – 14, оқырман үстелі – 21, телевизор тумбасы – 1, оқырман орындықтары – 48, берілім кафедрасы – 3, каталогтық жәшік – 26, киім шкафы – 2, құжаттарға арналған стеллаж – 6, жалюз – 4, ілгіш – 2. Техникалық құралдар: телевизор – 2, фотоаппарат – 2, ламинатор – 1, брошюровщик – 1, DVD-плеер – 1, Факс – 2, музыка орталығы – 1.  
  • «Электронная библиотека Комиссии по правам человека», СИН халық пайдаланушылығын есепке алу мақсатында қолданушыларды есепке алу журналы жүргізіледі. Кітапханашылар, оқырмандар арасында жарнамалық буклеттер, хабарландырулар, газеттік мақалалар арқылы таратылады.

  1943 жылы аудандық кітапхана үйі болып ашылған. 2009 жылы С.Сейфуллин аты берілді. 2010 жылы үлгілі кітапхана болды. Жаңаарқа ауданының тұрғындар саны – 15 263 адам.

Жаңадан түскен кітаптар – 1498, қазақ тілінде – 1002, қаржыландыру – 889257,71 тг. Мерзімді басымдар – 64 дана, қаржыландыру – 377247,71 тг. Көп оқылатын журналдар – Жұлдыз, Жұлдыздар отбасы, Айгөлек, Қазақстан әйелдері, Қазақ тілі мен әдебиеті, Парасат, Кітапхана әлемі, Мектептегі кітапхана, т.б., мерзімді басылымдар: Ана тілі,Ұлан, Иман, Ақ босаға, Ақиқат, Емші,  Дала мен Қала, Жас алаш, Алаш айнасы,Егемен Қазақстан, Орталық Қазақстан, Жаңаарқа, Индустральная Караганда,Аргументы и Факты т.б.