Кітапхана ардагерлері

24.01.2016

Қалимолдаева Роза Әбдірахманқызы 1939 http://www.wholesalejerseys1.com жылы 5 сәуірде Жаңаарқа ауданында дүниеге келді. 1959 жылы В. И. Ленин атындағы қазақ орта мектебін аяқтады.

Білімі: 1965 жылы Қазақ ССР Жоғарғы және орта арнаулы білім министрлігінің  мәдени ағарту училищесіне түсіп, 1968 жылы аяқтады.

1979 – 1984 жылдары Әл – Фараби атындағы Шымкент педагогика – мәдениет институтының «Кітапханатану және библиография» мамандығы бойынша оқып, кітапханашы – библиограф квалификациясы берілді.

Еңбек еткен жылдары:

Еңбек жолын 1959 жылы Жаңаарқа аудандық комсомол комитетінде тіркеу секторының меңгерушісі болудан бастады. 1961 – 1963 жылдары әскери комиссариатта – начальник секретной части военкомата. 1963 – 1965 жылы мәдениет бөлімінде кітапхана ісі жөніндегі инспектор болып еңбек етті. 1965 жылдың бас кезінде аудандық балалар кітапханасында кітапханашы, сол жылы аудандық балалар кітапаханасының директоры болып тағайындалды. 1975 – 1977 жылдары поселкелік советтің депутаты болды; екінші рет 1977 – 1979 жылдары депутат болды. 1968 – 1976 жылдары аудандық кітапхананың меңгерушісі. 1978 жылы Москва қаласына Ертіс каналының құрылысын насихаттау жөніндегі семинарға барды. 1980 жылы Ақтөбе облысында өткізілген Республикалық межведомствалық семинарға қатысты. 1976 жылы Қарағанды облысы бойынша аудандардың ішінен ең алғашқы болып орталықтандырылған кітапхана жүйесі болды.

1976 – 1992 жылдары аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры қызметін атқарды. 1992 жылы құрметті зейнеткерлікке шықты.

Наградалары:

1976 жылы 23 наурызда – «За трудовое отличие» Указом Президиума Верховного Совета СССР;

1990 жылы 29 қазанда «За отличную работу» – Министерства Культуры СССР;

2004 жылы «Алтын белгі».

«Ветеран труда» – за долголетний, добросовестный труд от имени Президиума Верховного Совета СССР решением исполкома. Сонымен қатар республикалық, облыстық, аудандық әкімшіліктің бірнеше мақтау қағаздарымен, алғыс хаттарымен марапатталды.

Жарылғапова Гауһар Балтабайқызы 1952 жылы 8 ақпанда Жаңаарқа ауданында дүниегекелді. 1959 жылы аудандық Н.К.Крупская атындағы орта мектептің табалдырығын аттап, осы мектепті 1969 жылы үздік аяқтады Қарағанды мәдени-ағарту училищесінің «кітапхана ісі» бөліміне 1980 жылы түсіп, 1982 жылы кітапханашы мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек жолын 1970 жылы Алғабас ауылында ұстаздық етумен бастады. 1972-1976 жылдар аралығында аудандық кәсіптік мектепте кітапханашы болып еңбек етті. 1976 http://www.cheapjerseysgo.com жылдан аудандық кітапханада қызмет көрсету бөлімінің 1992-1997  жж. аралығында балалар кітапханасының меңгерушісі болды, кітапханашысы, 1997-2011 жылға дейін аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры болып қызмет етті. Гауһар Балтабайқызы кітапхана саласында 34 жылдай жемісті еңбек етті. 2011 жылы құрметті зейнеткерлікке шықты.

2000 жылы ұзақ жылдар бойы өлкеміздің оқырмандарына және әлемдік рухани мұраларды насихаттаудағы еңбегі үшін Облыстық мәдениет департаментінің алғыс хатымен;

2005 жылы «Кәсіби шеберлік қырлары» шығармашылық жұмыстарының облыстық байқауына белсене қатысқаны үшін мәдениет департаментінің алғыс хатымен;

2007 жылы «Ең үздік кітапханашы» номинациясы бойынша мәдениет департаментінің дипломымен марапатталды.

Әбсаматова Ләззат Robby Fabbri limited jersey Мәдіханқызы 1952 жылы туған. Білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының «Кітапхана ісі» факультетінде кітапханашы библиограф мамандығы бойынша оқып, 1972 жылы бітірген.  Кітапхана саласында 33 жыл еңбек етті. 1972 жылы тамыз айынан аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі,

1973-1974 жылдары әдіскер;

1980-1981 жылдары библиограф;

1987-2005 жылдары қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі;

2005 жылы зейнеттік демалысқа шықты. Кітап қорындағы әдебиеттер мен мерзімді басылымдардағы материалдарды пайдалана отырып, болашақ ұрпақты көзі ашық көкірегі ояу, халқымыздың асыл қазынасы, салт-дәстүрін сүйетін, жерін, елін қадірлейтін иманды, инабатты да ибалы, адамгершілігі мол етіп тәрбиелеуде түрлі мәдени көпшілік жұмыстар жүргізді.

2000 жылы мәдениетті қолдау жылында мәдениет пен өнер саласындағы жетістіктері үшін «Жыл кітапханашысы» сыйлығы берілді. Сонымен қатар қызмет еткен жылдары облыстық аудандық кітапханалардың  мақтау қағаздарымен, алғыс хаттарымен, аудан әкімінің  Құрмет грамотасымен марапатталды.

Искакова Төлеутай Орынбайқызы 1952 жылы 23 қаңтарда Жаңаарқа ауданында дүниеге келді.  1952 жылы  С.Сейфуллин атындағы қазақ орта мектебін аяқтады. Білімі: 1977 жылы Ақтөбе мәдени  ағарту  училищесінің «кітапхана ісі» бөліміне  түсіп, 1979 жылы кітапханашы  мамандығы бойынша аяқтады.

Төлеутай Искакова мәдениет саласында 40 жыл бойы үздіксіз еңбек етті.  Мәдениет саласындағы еңбек жолын 1969 жылы аудандық мәдениет бөлімінде мәдени қызметкер болудан бастады.

1970 жылы Н.В.Гоголь атындағы кітапханада кітапханашыларды дайындайтын бір жылдық курста дәріс алды.

1973-1993 жылдар аралығында аудандық мәдениет үйіне қарасты авто кітапхана меңгерушісі;

1993-1994 жылдары аудандық кітапхананың кітап толықтыру бөлімінде аға кітапханашы;

1997-2007 жылдары қызмет көрсету бөлімінде кітапханашы, кітап қорын сақтау бөлімінің меңгерушісі.

2007-2010 жылдары аудандық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі болды. 2011 жылы құрметті зейнеткерлікке шықты. Төлеутай Орынбайқызы ұзақ жылдар бойы жемісті еңбегі үшін Қарағанды облыстық мәдениет департаментінің 2000 жылы. алғыс хатпен, 2003 жылы грамотамен, 2004 «Үздік маман» номинациясы бойынша аудандық мәдениет бөлімінің грамотасымен, 2005 жылы аудан мәдениетін өркендетуге және кәсіби шеберлігі үшін Құрмет Грамотасымен, 2009 жылы ұзақ жылдар бойы

кітапхана ісін дамытуға қосқан зор үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды.

Алшынбекова Ұмсын Көжекбайқызы 1953 жылы  25 наурызда Жаңаарқа ауданында дүниеге келді. 1960–1970 жылдары В.И.Ленин атындағы орта мектепте оқыды.                                           Білімі орта арнаулы. 1971 жылы Қарағанды қаласының мәдени – ағарту училищесінің  «кітапхана ісі» бөліміне  түсіп, 1973 жылы аяқтады. Еңбек жолын 1973 жылдан балалар кітапханасында кітапханашылық қызметтен бастады. 1977-1999 жылдар аралығында кітапханада бөлім меңгерушісі, 1989-1992 жылы аға  кітапханашы, 1992-1997 жылдан балалар кітапханасының әдіскері, 1997-2004 жылдан балалар кітапханасының меңгерушісі болып қызмет атқарады. 2004 жылдан бастап аудандық кітапхананың кітап толықтыру бөлімінің меңгерушісі.                                                                                          Жалпы еңбек өтілі  38 жыл, оның ішінде балалар кітапханасында 31 жыл тұрақты қызмет етті. Қазіргі қызмет орнында 7 жыл қызмет атқарады.                                                            1975-2009 жылдар аралығында «Ауыспалы Қызыл ту», ақшалай  бағалы сыйлықтар, «Ауданның 80 жылдығына» арналған медальін, Аудан әкімінің «Үлгілі кітапханашы» куәлігін алды.

 Қызылбаева Зәуре Төлеубекқызы, 1954 жылы 18 наурызда Шет ауданы, Босаға совхозында туған. 1961-1971 жылдары Босаға орта мектебінде оқып, үздік аяқтады.

1973 жылы Darnell Nurse jersey womens Жезқазған қаласындағы  мәдени-ағарту училищесінің «кітапхана ісі» бөліміне түсіп, 1975 жылы кітапханашы мамандығын алып шықты.

Кітапханалық еңбек жолын 1975 жылы Жаңаарқа аудандық кітапханасында аға кітапханашы болудан бастады.

1976-1980 жылдары кітап толықтыру бөлімінің аға кітапханашысы;

1980-1992 жылдары қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі;

1992-2000 жылдары ОКЖ әдіскері;

2000 жылдан бері ОКЖ әдістемелік-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етуде.  Жалпы еңбек өтілі  40 жыл, кітапханада 38 жыл еңбек етті, өзі жұмысына тиянақты, жұмыс барысында іскер жұмыстың жаңаша түрі бойынша жобалар,  бағдарламалар, жылдық есеп /6-НК/ жылдық жоспарды құрастырады.

Кітапхана ісін дамытудағы зор еңбегі әрі, халыққа қызмет көрсетудегі табыстары үшін бірнеше рет облыс, аудан басшыларының мақтау қағаздарымен, алғыс хаттарымен және аудан әкімінің «Үздік кітапханашы» куәлігімен марапатталды.

2012 жылдың 22 ақпанында Қарағанды облысы мәдениет басқармасының «Үлгілі ауыл кітапханашысы» номинациясы бойынша марапатталды.