Аманжолов Бақтыбай

25.01.2016

АМАНЖОЛОВ Бақтыбай 1947 жылы «Өркендеу» колхозында туған. Қарағанды пединститутын бітірген. Ұзақ жылдар бұрынғы Атасу совхозының орталығы Байғұл аулында клуб меңгерушісі, кейін сол жердегі орталау мектепте мұғалім.

Бақтыбай – өрелі ойлы, терең толғамды өлең-жырлармен көпшілік көңілінен шығып жүрген талантты ақын. «Көлеңкеден күйгенге қонбай көңіл» (1993ж.), «Армысың аз зер дүние» (1997ж.) деген жинақтары кітап болып басылған.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.  І.Ісләмұлы. Атамекен – Ақтүбек /Ел мен жер тарихы/.-Қарағанды: «Гласир», 2011. – 338 бет.

2. І.Ісләмұлы.Атыңнан айналдым, Жаңаарқам/Қарағанды:Болашақ – Баспа, 1999 – 135 бет.

3. Жұмаділдин.А.Жаңаарқа.Дерекнама. – Алматы:Кенже – Пресс – Медиа,2003. – 89 бет.