Асанова Әйкен

25.01.2016

АСАНОВА Әйкен 1947 жылы «Алғабас» колхозының Ақтаудағы бөлімшесінде туған. Кешкі мектепте оқып он класс бітірген. Зейнеткерлікке шыққанға дейін ұзақ жылдар С.Сейфуллин селосындағы тұрмыс қажетін өтеу комбинатының меңгерушісі болған.

Нәзік сезімнің, аналық ақ жүректің белгісіндей, жылы шуаққа, пәк пейілге толы кестелі өлең-жырлары мерзімді баспасөз бетінде көптеп жарық көрген, оқырмандардың ыстық ықыласына бөленген. «Атыңнан айналайын, Жаңаарқам» жинағына топтама өлеңдері кірген.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. І.Ісләмұлы.Атыңнан айналдым,Жаңаарқам/Қарағанды:Болашақ – Баспа,1999 – 141 бет.

2. Мағзымұлы Ж.Жаңаарқа әншілері. – Астана:Фолиант,2012. – 283 бет.

3. Жаңаарқа:Энциклопедия. – Алматы:Темірқазық,2009. – 91 бет.

4. Жұмаділдин.А.Жаңаарқа.Дерекнама. – Алматы:Кенже – Пресс – Медиа,2003. – 90 бет.