Асанұлы Қойлыбай

25.01.2016

Koilybai_AsanulyАСАНҰЛЫ Қойлыбай 1964 жылы Жаңаарқа ауданы Ақтау совхозында туған. 1991 жылы КарМУ-дің филология факультетін бітірді.

1991-98 жылдар аралығында облыстық «Замандас», «Орталық Қазақстан», «Шипагер» газеттерінде қызмет атқарған. Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің журналистика кафедрасында аға оқытушы, филология ғылымдарының кандидаты.

Қойлыбай республикаға танымал айтыскер ақын. Облыстық, аймақтық, республикалық дәрежедегі айтыстарда бірнеше дүркін жеңімпаз, жүлдегер атанған.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Жаңаарқа:Энциклопедия. – Алматы:Темірқазық,2009. – 93 бет.

2. Жұмаділдин.А.Жаңаарқа.Дерекнама. – Алматы:Кенже – Пресс – Медиа,2003. – 90 бет.