Асанұлы Қоңыртай

25.01.2016

АСАНҰЛЫ Қоңыртай 1941 жылы Жаңаарқа ауданы «Түгіскен» колхозында туған. Еңбек жолын «Жеңіс» совхозында механизатор болып бастаған. 1963 ж. Қарағанды мединституна түсіп, оны ойдағыдай бітірген соң, туған ауданына жұмысқа жіберіледі. Сол уақыттан бері теміржол бойындағы тораптық санитарлық – эпидемиологиялық стансасының мемлекеттік бас дәрігері болып қызмет атқарып келеді. Жемісті еңбегі үшін «Медицина қызметінің үздігі» белгісімен, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған. Бірінші дәрежелі дәрігер.

Өлең-жыр, көркем сөзбен де айналысады. Оның қаламынан туған өлеңдер, очерк, суреттемелер мерзімді баспасөз беттерінде жиі жарияланып тұрған. «Атыңнан айналдым, Жаңаарқам» жинағына топтама өлеңдері басылған.

 Пайдаланылған әдебиеттер:

1.І.Ісләмұлы.Атыңнан айналдым,Жаңаарқам/Қарағанды:Болашақ – Баспа,1999 – 124 бет.

2Жаңаарқа:Энциклопедия. – Алматы:Темірқазық,2009. – 92 бет.

3.Жұмаділдин.А.Жаңаарқа.Дерекнама. – Алматы:Кенже – Пресс – Медиа,2003. – 90 бет.