Дүйсенұлы Тұңғышбай

25.01.2016

ДҮЙСЕНҰЛЫ Тұңғышбай ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген. Туған, өлген жылдары белгісіз. Қазіргі Жаңаарқа ауданы Ақтау өңірінде туып өскен. Орта жасқа келгенде Құланөтпес-Нұра, кейін Ақмола жерін қоныстанған. Тұңғышбайдың өлеңдері Төлеу қариядан жазылып алынған. Тұңғышбай қырғыз Қонай ақынмен айтысқан. Топтама өлеңдері «Атыңнан айналдым, Жаңаарқам» жинағына енген.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.І.Ісләмұлы.Атыңнан айналдым,Жаңаарқам/Қарағанды:Болашақ-Баспа,1999 –  49 бет.

2.Жаңаарқа:Энциклопедия. – Алматы:Темірқазық,2009. – 189 бет.

3.Жұмаділдин.А.Жаңаарқа.Дерекнама. – Алматы:Кенже-Пресс-Медиа,2003.-104 бет.