Жайлыбай Ғалым

25.01.2016

100ЖАЙЛЫБАЙ Ғалым 1958 жылы Жаңаарқа ауданы «Жеңіс» совхозында туған. Еңбек жолын шопан болып бастаған. «Жаңаарқа», «Жезқазған туы» газеттерінде қызмет атқарған. Жоғары партия мектебін бітірген. Содан Алматыға тұрақтап, сонда қызмет істейді.

Ғалым – қазіргі қазақ поэзиясындағы өзіндік өрнегі бар, талантты тұлғалардың бірі. Жыр мүшайраларының бірнеше мәрте жеңімпазы. Оның жырлары орнықты ойымен, сұлу сазымен, қарапайым да табиғилығымен, ерекшеленеді.

«Жанымның жапырақтары», «Жалын» баспасы, 1988ж., «Жүрегімнің жұлдызы» «Шартарап» баспасы, 1996 ж. өлең кітаптары жарық көрген.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының пленум мүшесі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.І.Ісләмұлы.Атыңнан айналдым,Жаңаарқам/Қарағанды:Болашақ-Баспа,1999 – 181 бет.

2.Мағзымұлы Ж.Жаңаарқа әншілері. – Астана:Фолиант,2012. – 211-бет.

3.Жаңаарқа:Энциклопедия. – Алматы:Темірқазық,2009. – 201 бет.

4.Жұмаділдин.А.Жаңаарқа.Дерекнама.-Аламаты:Кенже-Пресс-Медиа,2003.-106 бет.