Жүкентегі Панаш

25.01.2016

ЖҮКЕНТЕГІ Панаш Рақымұлы 1952 жылы Ақтау совхозында туған. Орта мектеп бітірген. Құрылысшы. Өзінің отбасылық «Жандос» атты ойын-сауық отауының көркемдік жетекшісі. 7 сыныпта оқитын ұлы Шыңғыс сатира жанрынан халықаралық фестивальдың лауреаты.

Панаш Рақымұлы аудандық газеттерде, облыстық газеттерде қызмет атқарған. Жаңаарқа Халық театрының қалыптасуына еңбегі сіңген, айтулы асаба-тамада. Сықақ әңгімелерінің көркемдігі, шынайылығы оқыған, естігендердің езуін жидырмайтын сатираның уытына суарылған, ұтымды. Сықақ әңгімелері «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш» газеттерінде, «Ара», «Денсаулық» журналдарында, облыстық, аудандық газеттерде жиі басылып тұрады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Жаңаарқа:Энциклопедия. – Алматы:Темірқазық,2009. – 252 бет.

2Жұмаділдин.А.Жаңаарқа.Дерекнама.-Алматы:Кенже-Пресс-Медиа,2003.-110 бет.