Жұмаділдин Бақтыбай

25.01.2016

ЖҰМАДІЛДИН Бақтыбай Асанұлы 1954 жылы туған. Жаңаарқа топырағынды Мәскеудегі Ломоносов атындағы университетінің журналистика факультетін бітірген тұңғыш журналист. «Ленинская смена», «Казахстанская правда» газетінде, «Арай» журналында істеген. 1989 жылы шыққан «Әлем» альманахының жауапты хатшысы, «КРАМДС-Бизнес» Қазақстандағы бірінші халықаралық түрлі-түсті газеттің бас редакторы, «Ғанибет» журналының бас редакторы, 1996 жылдан бастап республикалық білім берудегі жаңа технологиялық орталықта бас редактор, 1997 жылдан «Қазақстандағы информациялық технологиялары» деген журналға бас редактор болып тағайындалған. 1991 жылы «КРАМДС-Пресс» кейін «Кенже-Пресс-Медиа» атанған баспаның бас редакторы.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Мағзымұлы Ж.Жаңаарқа әншілері. – Астана:Фолиант,2012. – 369 бет.

2.Жаңаарқа:Энциклопедия. – Алматы:Темірқазық,2009. – 249 бет.

3.Жұмаділдин.А.Жаңаарқа.Дерекнама.-Алматы:Кенже-Пресс-Медиа,2003.-109 бет.