Нәкенов Сайлаухан

25.01.2016

Sailauhan_NakenovНӘКЕНОВ Сайлаухан Мұхаметжанұлы 1940 жылы Жаңаарқа ауданы Өркендеу колхозында туған. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Ынталы орта мектебінде сабақ берген. 1964 жылы Жаңаарқа аудандық газетінде, одан облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде, одан облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде қызмет атқарды. 1972-1997 жылдар аралығында Жезқазған облыстық «Жезқазған туы» (кейін «Сарыарқа») газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1979-1982 жылдар аралығында Қазақ радиосының Жезқазған облысындағы меншікті тілшісі болып істейді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.І.Ісләмұлы.Атыңнан айналдым,Жаңаарқам/Қарағанды:Болашақ-Баспа,1999 – 90 бет.

2.І.Ісләмұлы,Б.Серікбайұлы,Ж.Қызбалаұлы Атамекен – Ақтүбек /Ел мен жер тарихы/. – Қарағанды: «Гласир»,2011. – 366 бет.

3.Қарағанды.Қарағанды облысы:Энциклопедия. – Алматы:Атамұра,2006. – 421 бет.

4.Жұмаділдин.А.Жаңаарқа.Дерекнама.-Алматы:Кенже-Пресс-Медиа,2003.-119 бет.