Сәтбаев Бақытжан

25.01.2016

СӘТБАЕВ Бақытжан Сәттарұлы 1964 жылы Жаңаарқа ауданында туған, жоғары білімді педагог. Поэзияның әр жанрында қалам тартып жүрген сауатты ақын, әрі Сәкен бейнесін сыршылдық, асқақтық жан сезімін беретін дәрежеде кескіндеген қылқалам шебері. Өлеңдері баспасөз бетінде жиі жарияланып тұрады. Әуесқой сазгер. Оның Сәкен Сейфуллиннің 100 жылдығына арнап жазған «Ақынның туысы» атты поэмасы 1994 жылы «Өмір» журналының үшінші кітабында жарияланған.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Жұмаділдин.А.Жаңаарқа.Дерекнама.-Алматы:Кенже-Пресс-Медиа,2003.-132 бет.