Қарпықбайұлы Дуана

25.01.2016

ҚАРПЫҚБАЙҰЛЫ Дуана (1872-1932). Руы – Арғын Алтай ішінде Қалыбек бұтағы. Дуананың Әлиман, Төкеш ақындармен айтыстары сақталмаған. Ақын 1932 жылы аштан өлген.

Дуана малсыз-күйсіз, кедей тұрмыста болған. Әйелі Нұра бойындағы Ршыман дейтіннің қызы екен. Қайын жұрты көшіп кел десе ақын намыстанып бармапты. Бірде таныстарын жағалап серілік құрып қонақтап жүрген бір мырза жігіт кездесіп Дуананың халін сұрайды. Сонда ақын,

«Ой, дүние, әуре болдым жинаймын деп.

Көшпедім бөтен елге симаймын деп.

Бұл күнде қатын бала қарны ашты ғой,

Туған жер, туысқанды қимаймын деп,» – деген өлеңмен жауап беріпті.

Сонда мырза жігіт ақынды аулына ертіп келіп қонақ қылып, кетерінде бір түйе, бір бие жетектетіп, семіз қой беріп аттандырыпты.

1932 жылдың ашаршылығының басталған кезі. Тентіреген босқындар. Аралбай Ақжанның Бейсенбайы мен Дуана да арып-аршып қаңғып келе жатады. Сонда ақын:

«Жаяулық, ренжімеймін мұңым үшін.

Ей, Алла, өлгенімде қылма қысым.

Бай-патша заманыңда болсаң дағы,

Мысалы ұйықтағанда көрген түсің.

Мекені ата-анамның Ор, Алабас.

Айрылып ел-жұртынан есіл таулар,

Егіліп етегіне төгеді жас,»-депті.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.І.Ісләмұлы.Атыңнан айналдым,Жаңаарқам/Қарағанды:Болашақ-Баспа,1999 48 бет.

2.Жұмаділдин.А.Жаңаарқа.Дерекнама.-Алматы:Кенже-Пресс-Медиа,2003.-115 бет.