Әбілдина Қымбат

25.01.2016

ӘБІЛДИНА Қымбат. Жаңаарқадан қанаттанып ұшқан ару қыздардың бірі. Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Еңбек жолын аудан мектептерінде мұғалімдіктен бастаған. Кейін Алматыға ауысып, халыққа білім беру саласында, республикалық теле-радио торабында жауапты жұмыстар атқарған. Текті мінез, өршіл поэзияның иесі – Қымбаттың шығармашылығы көпшілік қауымға кеңінен танымал. Оның өлең-жырлары «Жас Алаш», «Қазақстан әйелдері», «Жалын» сияқты беделді басылымдарда көптеп жарық көрген. Қазір «Айгөлек» балалар журналының бас редакторы.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.І.Ісләмұлы.Атыңнан айналдым,Жаңаарқам/Қарағанды:Болашақ – Баспа,1999 – 169 бет.

2.І.Сләмұлы,Б.Серікбайұлы,Ж.Қызбалаұлы.Атамекен  – Ақтүбек /Ел мен жер тарихы/. – Қарағанды: «Гласир»,2011. – 366 бет.

3.Жаңаарқа:Энциклопедия. – Алматы:Темірқазық,2006. – 115 бет.

4.Жұмаділдин.А.Жаңаарқа.Дерекнама. – Алматы:Кенже – Пресс – Медиа,2003. – 93 бет.