Әбілдин Қалиақпар

25.01.2016

Kaliakbar_AbildinӘБІЛДИН Қалиақпар 1932 ж. 21 наурызда Жаңаарқа ауданының орталығы Атасу кентінде туған. Қарағанды пединститутының физика-математика факультетін бітірген. Еңбек жолын аудандық комсомол комитетінде мектеп бөлімінің меңгерушісі болып бастаған. 1958 жылдан бастап журналистік қызметке ауысады. Аудандық «Жаңаарқа» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, 1976-1986 жылдар аралығында оның редакторы, сол сияқты Жезқазған облысы құрылған кезден бастап он жылға жуық облыстық «Жезқазған туы» (кейінгі «Сарыарқа») газетінің меншікті тілшісі болып қызмет атқарған. әбілдин газеттің барлық жанрында төгілтіп жаза білетін, оқырмандарға кеңінен танылған қаламы ұшқыр журналист. Қазақстан журналистер одағының мүшесі. Сонымен қатар өзіндік өрнегі бар талантты ақын. Өлеңдері мен поэмалары, толғаулары мерзімді баспасөз беттерінде жиі жарияланып отырған. әдеби-этнографиялық «Өмір» журналының 4-ші кітабында ұзақ толғауы, «Атыңнан айналайын, Жаңаарқам» жинағына топтама өлеңдері басылған.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.І.Ісләмұлы.Атыңнан айналдым,Жаңаарқам/Қарағанды:Болашақ – Баспа,1999 – 93 бет.

2.Мағзымұлы Ж.Жаңаарқа әншілері. – Астана:Фолиант,2012. – 292-бет.

3.Жаңаарқа:Энциклопедия. – Алматы:Темірқазық,2009. – 115 бет.

4.Жұмаділдин.А.Жаңаарқа.Дерекнама. – Алматы:Кенже – Пресс – Медиа,2003. – 92 бет.