Әлжанов Төкен

25.01.2016

416593_316378212_146ac_aljantegi_tӘЛЖАНОВ Төкен 1953 жылы Жаңаарқа ауданының алыстағы шаруашылық орталығы Айшырақта туған. Сегіз қырлы, бір сырлы азаматтың Жаңаарқа ауданының мәдениеті мен өнерінің өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі мол. Көп жылдар «Жаңаарқа» газетінде, аудандық мәдениет бөлімінде қызмет атқарған.

Қаламгерлік жолын өлең жазудан бастаған. Кейін проза жанрына түбегейлі бет бұрып, қарымды жазушы ретінде танылған. Оның қаламынан туындаған көптеген әңгіме-повестер әдебиет сыншылары, белгілі жазушылар тарапынан жақсы бағаланып, оқырмандардың сүйіп оқитын шығармалары болған.

Т.Әлжанов бірнеше прозалық шығармалардың авторы. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. Т.Әлжановтың сырлы сезімге толы әсерлі әуенді «Жаңаарқа вальсы» Жаңаарқаның әнұраны болып кеткен.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.І.Ісләмұлы.Атыңнан айналдым,Жаңаарқам/Қарағанды:Болашақ – Баспа,1999 – 159 бет.

2.Мағзымұлы Ж.Жаңаарқа әншілері. – Астана:Фолиант,2012. – 239-бет.

3.Жаңаарқа:Энциклопедия. – Алматы:Темірқазық,2009. – 120 бет.

4.Жұмаділдин.А.Жаңаарқа.Дерекнама. – Алматы:Кенже – Пресс – Медиа,2003. – 98 бет.