Әлтай Аманжол

25.01.2016

altaev_1ӘЛТАЙ Аманжол 1971 жылы Жаңаарқа ауданы Ақтүбекте туған. ҚарМУ-дың филология факультетін бітірген. Осы білім ордасында қазақ әдебиеті кафедрасында аға оқытушы болды. Қазір Астанадағы Еуразия университетінің оқытушысы. Филология ғылымының кандидаты.

Аманжол халқымыздың қасиетті өнері айтысының бүгінгі таңдағы хас шеберлерінің бірі, шашасына шаң жуытпай оза шауып, бәйге алып жүрген тарлан талант. Халықаралық, республикалық дәрежеде өткізіліп жүрген айтыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы.

1998 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, өлеңдері жеке кітап болып басылған.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.І.Ісләмұлы.Атыңнан айналдым,Жаңаарқам/Қарағанды:Болашақ – Баспа,1999 – 219 бет.

2.Мағзымұлы Ж.Жаңаарқа әншілері.-Астана:Фолиант,2012. – 315-бет.

3.і.Ісләмұлы,Б.Серікбайұлы,Ж.Қызбалаұлы Атамекен – Ақтүбек /Ел мен жер тарихы/. – Қарағанды: «Гласир»,2011. – 366 бет.

4.Жаңаарқа:Энциклопедия. – Алматы:Темірқазық,2009. – 122 бет.

5.Жұмаділдин.А.Жаңаарқа.Дерекнама. – Алматы:Кенже – Пресс – Медиа,2003. – 98 бет.