Әшімов Бұқпа

25.01.2016

881411_1953319446_182ac_ashimov_bӘШІМОВ Бұқпа (1924-2001) жылы Ақмола округінің Асанқайғы ауданы 5 аулында туған. 1941 жылы аудан орталығындағы қазақ орта мектебінің 8-класын бітірген соң ФЗО-ға алынып, Қарағандыда шахтер болған. Көп тиражды «Шахтер» газетінің редакторы, одан «Советтік Қарағанды» газетінің әдеби қазметкері болған. 1945 жылы «Советтік Қарағанды» газетінің Жаңаарқа ауданындағы меншікті тілшісі болып ауысқан. Аудандық совет атқару комитетінде мәдениет бөлімінің меңгерушісі, «Лениндік жол» газетінің жауапты хатшысы болған. Алматыдағы жоғары партия мектебін бітіріп келген соң Ақтоғай аудандық партияда хатшы болған. Бірнеше жыл «Жаңаарқа» газетінің, Жезді аудандық газетінің редакторы, одан «Жезқазған туы» газетінің меншікті тілшісі болып жүріп, құрметті демалысқа шыққан.

Б.Әшімов әрі ақын, әрі прозаик. Бірнеше кітаптың авторы. Солардың ішінде оқырман назарын аударған жұмысшылар өмірінен жазылған «Қаражал» повесті мен «Жәйрем» деп аталатын роман кітабы. Қазақстан жазушылар одағының, Журналистер Одағының мүшесі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Мағзымұлы Ж.Жаңаарқа әншілері. – Астана:Фолиант,2012. – 310 бет.

2.Жаңаарқа:Энциклопедия. – Алматы:Темірқазық,2009. – 125 бет.

3.Жұмаділдин.А.Жаңаарқа.Дерекнама. – Алматы:Кенже – Пресс – Медиа,2003. – 99 бет.