Пайдалану ережесі

28.01.2016

Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесін  пайдалану ережесі

 

1. Жалпы ережелер

1.1. Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесін пайдалану ережесі Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңына, Қазақстан Республикасының кітапханалар ісі туралы Ережеге, Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігімен және «Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысына сәйкес әзірленді.

1.2. Кітапхана мәдени-ағартушылық, кітапхананың қорын кітаптарды басқа баспа шығармаларды, ұйымдастырушы мекеме болып табылады.

1.3. Кітапхана қоры – Қазақстан Республикасының біріккен кітапхана қорының негізгі бөлігі және мемлекет қарауында болып табылады.

2. Кітапхананы пайдалану ережесі

2.1. Кітапхана кітап қорындағы барлық басылымдармен пайдалануды қоғамдық негізде ұйымдастырады.

2.2. Кітапхана Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік және рухани дамуын әрі қарай дамыту мақсатында өз кітап қорларын тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге тиісті.

2.3. Кітапхананы пайдалануға азаматтардың, мекемелер мен ұйымдардың, кәсіпорындардың құқы бар. Кітапхананың жалпыға бірдей қызмет етуін кітапхана бөлімдері  жүзеге асырады.

2.4. Кітапхананы пайдалану ақысы тегін.

 

3. Оқырмандардың жазылу ережесі.

Оқырман құқығы мен міндеті.

Барлық азаматтар, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар кітапхана қызметін пайдалануға құқылы.

3.1. Кітапханаға оқырманның жазылу ережесі.

3.1.2. Кітапхана оқырмандары 16 жасқа толған азаматтар.

3.1.3. Оқырман кітапханаға жазылу кезінде кітапхана қызметін пайдалану ережесімен танысып, оларды орындау міндетін тіркелу карточкасында және оқырман формулярында қолтаңбасымен растау қажет.

3.2. Оқырмандар тең құқылы: Еркін таңдап оқу мүмкіндігі, уақытша үйде қолдану немесе оқу залында кітапхана қорынан дайындалу кезінде құжаттарын алуға, сонымен қатар қойылған тәртіп бойынша кітапхана аралығында абонементпен, библиография, анықтама-ақпараттық қызметін, электронды қызмет көрсету бөлімі және тағы басқа кітапханада көрсететін кызметті пайдалануға құқы бар.

3.2.1. Кітапхана ұйымдастыратын шараларға оқырман қатыса алады.

3.3. Оқырман міндетті:

3.3.1. Пайдалануға алған деректерді анықтап көрсетіп алу керек, егер кемшілік кездескен жағдайда бүлінген деректерге жауапты болады.

3.3.2. Кітаптың немесе оқырман формулярында әр алынған баспа данасына қолтаңбасын қояды, ал қайтарған кезде өз қолтаңбасын кітапханашы қолтаңбасымен өшіріліп тұрады.

3.3.3. Кітапхана қорынан алынған кітаптарды ұқыпты ұстап, олардың сақталуына көңіл бөліп, сызып, белгі қоймай, оқу залынан алып кетпей, кітапхана ішінен шығармай пайдалану, егер олар оқырман формулярында немесе басқа тіркеу құжаттарында жазылса, белгіленген мерзімде қайтару керек. Ашық қорлардың тәртібін бұзуға, каталогпен, картотекадан карточкаларды шығаруға болмайды.

3.3.4. Қоғамдық тәртіпті және кітапхана ішінде тазалықты сақтап және басқа оқырмандардың сақтауын қадағалау, кітапхана мүлкіне ұқыпты қарау керек.

3.3.5.Кітапханадан шығар кезінде қағаздарды, дәптерлерді, папка және дорбаларды тексеруге ұсынуы тиіс.

4. Оқырмандарға рұқсат етілмейді:

4.1. Бақылау аумағына сырт киіммен, қолшатырмен, портфельмен, іші көрінбейтін пакеттермен, фотоаппаратпен, магнитофонмен кіруге.

4.2. Оқу залына басқа бөлімдерден алған кітаптармен кіруге кітапханашының рұқсатынсыз кітаптарды алып шығуға.

4.3. Каталог пен картотекада карточкаларды алып, оларды белгілеу және ашық баспалар тұрған көрмелердің тәртібін бұзуға.

4.4. Кітапхана ішінде темекі шегуге.

4.5. Оқырмандар жауапты:

4.5.1. Кітапхана қорына зиян келтірген адамдар ҚР Заңына және осы Ережеге сәйкес материалдарды және басқалай да жауап береді.

4.5.2. Кітапхана қорынан баспа туындыларын және басқа материалдарына толтырылмас зиян келтірілсе немесе жоғалтса, азаматтар, кәсіпорындар, мекемелер сол туындыларға және басқа материалдарға ұқсас туындыны ауыстырады немесе кітапхана белгілеген баға бойынша, басқа нұсқасын, егер орнына ауыстыра алмаса, нарық құны он есе мөлшерін төлейді.

4.5.3. Егер кітапхананың Ережесін сақтамай бұзған жағдайда кітапхана әкімшілігі қойған мерзімде кітапхана қызметін пайдалану құқын жоғалтады:

Кітапханадан деректерді алып кеткенде, алып кетейін деп тұрғанда немесе толтырылмас зиян келтіргенде.

5. Кітапхана міндеті.

5.1. Әр азаматқа оқырман құқын толық қолдануға кепіл, кітапхана міндеті – бар қорын, өзінің жоспарын, қызмет көрсету түрлері туралы халыққа ақпарат беруге:

– Қызмет көрсету түрлерi, өздерiнiң жоспарлары, бар қорлар туралы халықты ақпараттандыру;

– Оқырмандарға қорларын пайдалануға, кітапхана қызметін пайдалануға ыңғайлы жағдай жасауға;

– Кітапханалық, библиографиялық, ақпараттық қызметін жаңартып тұру;

– Оқырмандарға жоғары мәдени қызмет көрсету, (қажетті деректерін таңдауға көмек көрсету, олардың каталог, картотека, анықтама-библиографиялық және ақпараттық материалдарды пайдалануына ықпал жасау, жаңа әдебиеттерді таныстыру және басқа шараларды ұйымдастыру);

5.2. Оқырман сұраған деректер жоқ болса, кітаптар аралық абонементпен сұраныс жасау.

5.3. Оқырмандарға пайдалану мерзімі аяқталған он күннің ішінде қайтаруын немесе мерзімін ұзартуын ескерту. Егер осы айтылған мерзім ішінде деректер қайтарылмаса, оқырманға талап ету хатын жіберу немесе он күннің ішінде мазмұны мен құны тең келетін деректерді орнына алып келу.Талап ету хатында мерзімі өткен күндер үшін ақша төлейтіні туралы, егер қайтарылмайтын болса немесе орнын толтырмайтын болса он есе нарық құны айып тағылады.

5.4. Егер белгіленген деректер қайтарылмаса немесе орнына басқаны алып келмесе, оқырман және абонементтің келісімімен жасалған деректердің он есе құны төлемі кітапхана кассасына салынады. Алынған соммаға кіріс ордері жазылып, оқырманға түбіртек беріледі.

5.5. Кітапхана қорына келтірілген зияны үшін төленген ақшалай қаражат өсім айыбынан кітапхана қорын толықтыруға, басылымдарды түптеуге және т.б. іс-шараларға жұмсалады.

6. Оқырмандарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру.

6.1. Оқырмандарға оқу залы, абонемент, ақпараттық-библиографиялық және электронды қызмет көрсету бөлімдері қызмет көрсетеді.

6.2. Оқырман 5 басылымнан артық үйге 30 күнге дейін ала алмайды. Оқу залында саны шектеусіз. Жаңа журналдарды және т.б. жоғары сұраныстағы деректерді пайдалану мерзімін кітапхана бөлімдері белгілейді. Дара данасы және құнды деректерді, анықтаушы басылымдарды үйге бермейді.

6.3. Оқырман деректерді пайдалану мерзімін ұзартып алуға болады, тек 2 реттен артық болмайды. Егер басқа оқырмандардан оларға сұраныс болмаса, телефон арқылы 1 рет қана ұзарта алады.

6.4. Деректерді кітапханашы рұқсатымен көшіре алады. Дара және құнды деректерді, анықтама басылымдарын көшіруге рұқсат етілмейді.

6.5. Кітапхана қызметінің анықтамасын жұмыс істеу тәртібін 5-06-84 телефон нөмірінен білуге болады.

Кітапхана алдын ала берілген мекеме, кәсіпорын, оқу орындарының тапсырысы бойынша топтық саяхат өткізеді.

6.6. Кітапхана оқырмандарға күн сайын сағат 9.00. – 18.00-ге дейін, үзіліссіз кітапханалық қызмет көрсетеді. Демалыс күні – жексенбі. Әр айдың соңғы күні – тазалық күні.