«Бір ел – бір кітап» 2014. Сайын Мұратбек «Жусан исі» және «Басында Үшқараның…»

30.01.2016

zapah_polyniҰлттық академиялық кітапханада ү.ж. 4-ші ақпанында 2014 жылы ел болып оқитын кітапты таңдау үшін «Бір ел – бір кітап» акциясын ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті. Биыл сегізінші рет өткізіліп отырған республикалық акцияны ұйымдастыру комитетінің жаңа төрағалығына академик Ғарифолла Есім тағайындалды. Талқылау барысында оқырмандардың ең көп дауысын жинаған Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді», Сайын Мұратбековтың «Басында Үшқараның…», Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» атты көркем туындылары дауысқа салынды. Жабық дауыс беру нәтижесінде Сайын Мұратбековтің «Жусан исі» және «Басында Үшқараның…» атты шығармалары ең көп дауыс жинап, жыл кітабы болып таңдалды.

Сайын Мұратбеков – қазақ прозасында орны айқын, көркемдік әлемімен баураған жазушының бірі. Жазушының шығармалары орыс, өзбек, татар, украин, белорус, грузин, әзірбайжан, литва, араб тілдерінде жарық көрген. Жазушы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының, М. Әуезов атындағы әдеби сыйлықтың және  Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

 2014 жылғы жыл кітабы таңдалды. Баршаңызды Сайын Мұратбековтың “Жусан исі” мен “Басында Үшқараның” шығармаларын жаппай оқуға шақырамыз.

Өмір өзгеріп, дүние төңкеріліп жатса да құндылығын жоғалтпаған Киелі кітап әлемінде бірге сапар шегейік.

С.Мұратбеков “Жусан иісі” онлайн оқу

С.Мұратбеков “Басыңда Үшқараның…” онлайн оқу