Жылдың ең үздік кітабы анықталды

30.01.2016

434_21c09390997ff2c10d593cf1aa3f9461«Қайдасың,қасқа құлыным!» Оралхан Бөкейдің повесі жылдың ең үздік шығармасы деп танылды. «Бір ел – бір кітап» акциясының ұйымдастыру комитеті осы туындыны 2012 жылдыңжылдық шығармасы деп жариялады. Бұл –кітапсүйер қауымының таңдауы.Қазақстандық оқырманға жүргізілген сауалнама, 10 шығарманы іріктеуге мүмкіндік берген. Ал, сарапшылар туындыларды жан-жақты таразылай келе, дауыс беру арқылы солардың тек біреуін таңдады. Осымен алтыншы мәрте ұйымдастырылып отырған шараның мақсаты – кітаптан алшақтап, интернеттен бас алмай кеткен жастарды ояту. Олардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Болашақта үздік кітаптардың тізбегінен «бір ел – 50 кітап» жобасын жасау көзделіп отыр.

Парламент Сенатының депутаты Ғарифолла Есімнің сөзіне қарағанда, Америкада 100 кітап деген бар. «Соны американдықтардың бәрі оқуға міндетті. Біз де тым құрығанда 50 кітап дегенді шығарып, барлық қазақстандықтарды осыны оқуға міндеттеуіміз керек. Сонда ғана біздің ортақ құндылығымыз пайда болады»,-дейді сенатор.