Кітапхананың электронды ресурстары

30.01.2016

Электронды каталог – ақпараттар іздеудегі ең басты құрал. Сіздер электронды каталогты қолдану арқылы кітаптар, мақалалар, электронды басылымдар туралы қазақ және орыс тілдеріндегі ақпаратты жылдам таба аласыздар.

 Электронды каталогтың ауқымы 17759 библиографиялық жазбадан тұрады.

Атауы Мазмұны Қол жеткізу мүмкіндіктері
«Кітаптар»электрондыкаталогы Электронды каталог 2005 жылдан құрылды. Электронды каталогта 6882 библиографиялық жазба бар. ЭК «Кітаптар» Аудандық орталықтандырылған кітапханалар  жүйесіндегі  кітаптардың, брошуралардың, ноталық басылымдардың библиографиялық сипаттамасын қазақ және орыс тілінде  бейнелейді Аудандық кітапханада фоеда, балалар кітапханасында және жасөспірімдер кітапханасында оқырман залдарында орнатылған.
«Өлкетану»электрондыкаталогы «Өлкетану» ЭК 2005 жылы құрылды Библиографилық жазбалрына (саны 2184) және толық мәтінді құжаттарды Қарағанды облысы және Жаңаарқа ауданының  мерзімдік басылымдары толық сипатталады: Аудан, облыс тарихы, әлеуметтік – экономикалық, мәдени дамуы, ауыл шаруашылығы мәліметтерінен «Өлкетануға» 173 құжат цифрланған, 7 – кітап 2013 жылы толығымен деректер базасына (привязка) түсірілді. 2014 жылы 10 кітап жоспарлануда. Аудандық кітапханада фоеда, балалар кітапханасында және жасөспірімдер кітапханасында оқырман залдарында орнатылған.
«Мақалалар» электронды каталогы «Мақалалар» ЭК 2005 жылы құрылды. 2014 жылға дейін 8534 библиографиялық жазбалар енгізілді. «Статьи» библиографиялық сипаттамасына Қазақстан Республикасы, Тәуелсіз Мемлекеттер одағы және шетел мерзімдік басылымдарынан мәліметтер енгізілген: Құқық, Экономика,Мәдениет,Тарих, Саясат,Өнер,Әдебиет,Дін, Техника салаларынан. Аудандық кітапханада фоеда, балалар кітапханасында және жасөспірімдер кітапханасында оқырман залдарында орнатылған.
«CD» электрондыкаталогы  2011 жылдан бастап құрылды. Электронды каталогта 54 библиографиялық жазба бар. ЭК «CD»  да  CD – (электронды тасымалдағыш құралдардың) библиографиялық сипаттамалары бейнеленген. Аудандық кітапханада фоеда орнатылған.
«Периодика»электрондыкаталогы 2011 жылдан бастап  құрылды. Электронды каталогта 105 библиографиялық жазба бар.  ЭК«Периодика » да  аудандық орталықтандырылған  кітапханалар  жүйесіндегі  алынатын  мерзімді басылымдардың  сипаттамасы  қазақ және орыс  тілінде  бейнеленген Аудандық кітапханада фоеда орнатылған.
«Заң» мәліметтер базасы ҚР Әділет Министрлігіне қарасты Республикалық құқықтық ақпарат орталығымен құрастырылады. Онда Заңның барлық бөлімдері бойынша ҚР нормативті және құқықтық актілері беріледі. Мәліметтер базасы қазақ және орыс тілдерінде ресми дереккөздерден алынған материалдардан тұрады. Мәліметтер базасына электронды қызмет көрсету бөлімінде тегін қолжеткізуге болады.
«Электронды үкімет» әлеуметтік порталы «Электронды үкімет» -ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамтамасыз ететін, мемлекет пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмі. Мемлекеттік органдарға кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын және тағы басқаларын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға  мүмкіндік берген де дәл осы механизм. Мәліметтер базасына электронды қызмет көрсету бөлімінде және де интернет жүйесінде www.e.gov.kzадресі бойыншақолжеткізуге болады.
Қазақстандық ұлттық электронды кітапханасы Қазақстандық ұлттық электронды кітапханасы – бұл электронды мемлекеттік кітапханалық қордың каталогы және депозитарийлар мен қолданбалы қорлары және кітаптардың біріңғай көшірмелері бар электронды қойма. Электронды қоймаға қол жеткізу интернет желісі, электронды құжаттардың көшірмелерін алу немесе электрондық тапсырыс беру арқылы қамтамасыз етіледі. Электронды қоймаға  электронды қызмет көрсету бөлімінде және де интернет жүйесінде www.kazneb.kzадресі бойыншақолжеткізуге болады.
ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі сандық кітапханасы

 

Сандық кітапхана ҚР Президентінің және де адам құқықтары жөніндегі Комиссия атына жазылған азаматтардың өтініштері негізінде практикалық тәжірибеге сүйене отырып, құрастырылады. Кітапхана 1000-нан астам ҚР азаматтарының құқықтарына байланысты құқықтық құжаттардан тұрады. Электронды қоймаға  электронды қызмет көрсету бөлімінде және де интернет жүйесіндеhrc.nabrk.kz адресі бойыншақолжеткізуге болады.