16 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесіне орай аудандық жасөспірімдер кітапханасында «Ана тілім-болашағым ертеңім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Өз оқырмандарын кітапханашы Естаева Нұргүл «Ана тілім-болашағым ертеңім» атты кітап көрмесімен таныстырып, шолу жасады. Мақсатымыз: Жасөспірімдерді ана тілін ардақтап бағалай білуге, сөз қадірін терең ұғынуға, сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыруға, тілдің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу.