“Бір ел – бір кітап” 2015. Көшпенділер

01.02.2016

IlyasРеспубликалық акция жылдағы дәстүр бойынша өзжұмысын жалғастырады. Қазақ хандығының 550 жылдығы, ЮНЕСКО аясында атап өтілетін І. Есенберлиннің 100 жылдығына орай биыл жаппай оқуға жазушының «Көшпенділер» романы таңдалып алынды. Құрметті сайт оқырмандары сіздерді Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи трилогиясын оқуға шақырамыз!

«Ілияс Есенберлиннің шығармашылығында атақты «Көшпенділер» трилогиясы негізгі орын алады. Ол эпикалық құлаш-қарымымен, оқиғалардың серпінділігімен, қазақ тарихының жанды әрі қайталанбас тұлғаларының бейнгесімен, тілінің шынайылығымен және айқын-дылығымен ерекшеленеді».