«Мамандық таңдау – болашақты таңдау»

01.02.2016

120517-0425 қыркүйек күні жасөспірімдер кітапханасында « Мамандық таңдау – болашақты таңдау» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Мамандықтың бәрі жақсы» деген атпен пікірлесу сағаты өтті.

Пікірлесу сағатына 9 – 11 сынып оқушылары қатысты. Пікірлесу сағатының қонақтары аудандық кәсіптік – техникалық колледждің директорының орынбасары Әбдіғазымов М, аудандық білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Үсенов Қ. Т, Жезқазған индустриалдық колледжінің директоры ұстаз Тахауиева З, аудандық іскер әйелдер қоғамының төрайымы ұстаз Әбдірашева Д.А, «Жаңаарқа» газетінің тілші- кореспонденті Аманова С, С.Сейфуллин атындағы кітапхананың кітап сақтау бөлімінің кітапханашысы Нығманова Ж.Б, аудандық аурухананың дәрігері Сембекова Л. Қ, аудандық мәдени-сауық орталығының әншісі Сағындықов А т.б.мамандық иелері жасөспірім оқушыларға өз мамандықтары туралы әңгімелеп,қызықтырып сол мамандықты оқып, меңгеруге шақырды.