«Туған тілім – тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы»

01.02.2016

til15 қыркүйек күні 2015 жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне орай,«Туған тілім – тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы» атты мақал – мәтелдерден жарыс өткізілді.

Мақал-мәтелдер жарысына аудандық орта мектеп оқушыларымен колледж студенттері қатысты.

Сайысымызға әділқазылар алқасының құрамында: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қанапин Марғұлан Бауыржанұлы, Жастар ресурстық орталығының маманы Аубакирова Нұргүл Айтбайқызы, Ішкі саясат бөлімі іс – жүргізушісі Станқұлова Гүлзат Амантайқызы, «Жаңаарқа» газеті редакциясының тілшісі Қасым Мөлдір Ерсайынқызы болды. Сайыстың тәртібімен жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі Шайхина Сарқыт Сатанқызы толық таныстырып өтті. Әр мектеп пен колледжден іріктелген 6 топ қатысты. Сайыс 3 кезеңнен тұрды:                                                                                            1-кезең. Мақал-мәтел айтудан жарыс.(бір минут ішінде көп мақал айту)

2-кезең. Мақал-мәтелдердің жалғасын табу.

3-кезең. «Кім көп біледі?»

Сайыс соңында әділқазылар мүшесі Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Қанапин Марғұлан қорытынды сөз сөйлеп,қатысқан топтарды марапаттап, сыйлықтар табыс етті.