Аманбаев Мейірхан

21.02.2016

amanbaebАманбаев Мейірхан Тапашұлы – 1954 жылы Жаңаарқа ауданы, Ақтүбек ауылында туған. Алматы дене тәрбиесі институтының түлегі (1976). Самбодан және қазақ күресінен спорт шебері. Орта Азия және Қазақстан біріншіліктерінің екі дүркін чемпионы (1974-75). Самбо күресінен ҚазКСР кубогінің иегері, 1972-75 жылдар аралығында Қарағандыда самбодан өткен космонавтар Пацаев, Волков, добровольский атындағы турнирдің екі мәрте жүлдегері. Жаңаарқа ауданы Дружба орта мектебінде мұғалім, Көктал орта мектебінде 17 жыл директор болып істеді. 2008 жылдан Атасу кентіндегі С.Сейфуллин атындағы орта мектептің директоры.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Жаңаарқа:Энциклопедия.-Алматы:Темірқазық,2009.-87 бет.

2.Жұмаділдин Асан.Жаңаарқа.Дерекнама.-Алматы:Кенже-Пресс-Медиа,2003.-253 бет.