Ақпараттық-библиографиялық бөлім

21.02.2016

ОКЖ анықтама – библиографиялық және ақпараттық жұмысының негізгі бағыттары болып табылады:

–          Анықтама – библиографиялық аппаратты (АБА) жетілдіру;

–          Анықтама – библиографиялық қызмет көрсету (АБҚ);

–          Ақпараттық жұмыс;

–          Кітапханалық – библиографиялық білімді насихаттау (оқырмандарды библиографиялық оқыту);

–          Түрлі мазмұндағы және мақсаттағы библиографиялық материалдарды құрастыру мен басылымы;

–          Кеңес беру мен әдістемелік жұмыс;

Өздерінің жұмыс саласына орай оқырмандарға анықтама – библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсетуге қатысады. Бұл жұмыстардың ұйымдастыру, әдістемелік және үйлестіруші орталығы болып Кітапхананың ақпаратты – библиографиялық бөлімі (АБА) табылады, ол:

–          Пайдаланушыларға тікелей анықтама-библиографиялық қызмет көрсетуді орындайды;

–          Осы жұмысты Кітапхана бойынша тұтас ұйымдастырады және үйлестіреді;

–          Жалпы кітапханалық мөлшерлеу құжаттары мен әдістемелік материалдар құрастырады және тәрбиеге ендіреді;

–          Жаңаарқа аудандық ОКЖ қызметкерлерінің библиографиялық квалификациясын көтеру шараларын өткізеді;

–          Кітапхана қызметкерлеріне анықтама-библиографиялық және ақпараттық жұмыстың түрлі аспектілері бойынша әдістемелік және кеңестік көмек көрсетеді.

Қызметкерлері:

dsc06020Оралбаева Акбопе Картаевна 1963 жылы туған. 1979-1981 жылдары Жезқазған мәдени ағарту училищесінің халық аспаптары, көркемдеу жетекшісі бөлімінде оқыды. Сонымен қатар, Қарағанды қаласының  «Кітапхана ісі» бөлімінде оқып кітапханашы мамандығын алып шықты.

Еңбек жолын 1982 жылы мәдениет бөлімінде көркемдік жетекші болудан бастады. 1984-2003 жылдары балалар кітапханасының әдіскері, аудандық кітапхананың оқу залында, кітап толықтыру бөлімінде кітапханашы болды. 2003 жылдан бері аудандық кітапхананың ақпараттық-библиографиялық бөлімінде аға библиограф болып қызмет етуде. 2012 жылдан бастап ақпараттық – библиографиялық бөлімнің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

 Облыстық Н.Гоголь атындағы кітапхананың Алғыс хатымен, аудандық кітапханалардың бірнеше мақтау грамоталарымен, аудандық әкімдіктің Құрмет грамотасымен, алғыс хаттармен марапатталған.

img_3905Бақышева  Салтанат  Ерғалиқызы.  1981  жылы  14  тамызда   Қарағанды  облысы, Жаңаарқа  ауданы, Қараағаш  ауылында  дүниеге   келген.

1987 – 1998 жылдар  аралығында  Қараағаш ауылындағы  Ынталы  орта  мектебінде  оқыған. Е.А.Букетов атындағы  Қарағанды  мемлекеттік  университетінің  қазақ  тілі  және әдебиет  мамандығы  бойынша тәмәмдаған. 2012  жылдан аудандық орталықтандырылған  кітапханалар  жүйесінің  ақпараттық – библиографиялық бөлімінде  қызмет  атқарады.