Ақтүбек ауылдық үлгілі кітапханасы

21.02.2016
  • Ақтүбек ауылдық үлгілі кітапханасы – оқырмандар саны – 620,электронды қызмет көрсетуді пайдаланушылар – 251, келушілер саны – 5747, кітап берілімі – 11745, кітап қоры – 6139 дана, каз. тілінде – 5369 дана.
  • 2 компьютер, 1 лазерлі принтер, 1 сканер, 1 ксерокс, 1 МФУ, 2 ИБП, интернетке қол жеткізу (коммутированный). Abbyy Fine Reader, MS Windows XP Professional, MS Office 2007, MS Publisher 2007, Nero 9, РАБИС, лицензионды бағдарламалық қамсыздандыру. Интернетке жұмсалған қаражат – 8400 тг.

 Қызығушылық үйірмелері (клубы) (барлығының тізімін жасау, мінездеме беру, қай жылдан жұмыс істейді, оның мүшелері кім, жұмыс мақсаты, қандай жетістіктері бар – ең негізгілері);

«Салт – дәстүрлер» қызығушылық клубы,  «Өлкетану» үйірмесі, «Қолөнер» үйірмесі.

  1. Ақтүбек үлгілі кітапханасында «Салт – дәстүрлер» қызығушылық клубы 2010 жылдың наурыз айында ашылды. Клубтың ұраны:«Саналы ел салтын сақтар». Клубтың мақсаты: Халқымыздың әдеп пен салт-дәстүрлерін, өмірден көргенін, түйгендерін жас ұрпаққа үлгі-өнеге етіп тәрбиелеу. Ұлттық мәдениетімізді өркендету, танымдық, тәрбиелік маңызын арттыру. Ана тілімізді дәріптеу, шешендік өнерімізді жалғастырып, ауызша және жазбаша әдебиетті рухани насихаттау. Сөз құдіретін терең түсінуге, тапқырлыққа баулу. Жасөспірімдерді адалдыққа, парасаттылыққа баулу. Аталы сөздерден ғибрат алуға және ұлттық мақтаныш сезімдерін ояту. Үлкенге қамқор, кішіге ізетті болуға тәрбиелеу, өзара сыйластыққа, бір-біріне деген сүйіспеншілікті нығайту.  Клубтың төрайымы:Құрболсынова Сайлаугүл. Клуб мүшелері: Танауов Берік, Тезекбаева Жамал, Анафина Әсия, Байсатова Үнзилә, Танауова Гүлсағира, Кагибаев Теміржан, Орманов Серік, Кадин Зекен, Батталова Әрмия, Есмағанбетова Роза.
  2. Ақтүбек үлгілі кітапханасында 2010 жылдың қазан айынан бастап «Өлкетану» үйірмесі жұмысын бастады. Үйірме аптасына екі рет

өткізіледі.

«Өлкетану» үйірмесінің мақсаты: Облыс пен аудан туралы жалпы әдебиеттермен жұмыс жасау. Облыс, аудан және ауылымыздың халықшаруашылығымен танысу. Өлкеміздің тарихын, аттары аңызға қалған батыр бабаларымызды жасөспірімдерге таныту, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу.Өлкетану әдебиеттері қорына өз қаламыз бен аудан, аулы туралы ондағы кәсіпорындар мен мекемелер туралы, елге еңбегі сіңген көрнекті адамдары туралы әдебиеттерді неғұрлым толық жинап, хабардар ету. Өлкетенуға жасөспірмдердің ерекше назар аударуына баулу.

Үйірме төрайымы: Анишева Бағлан. Үйірме мүшелері:Тілеубаева Айкөркем, Танауова Тілеужан, Батталова Меруерт,

Қойлыбаева Мадина, Сабитова Салтанат, Абзал Азат, Темір Жаннұр, Абидулла Аяулым, Қойлыбаева Мақпал, Сайлаубаева Аяулым.

Алғашқы үйірменің отырысында «Туған жер тарихын білу парыз» тақырыбында танымдық сағат өткізілді. Аудан және ауылымыздың

тарихын жайлы әңгімеленеді. Өткізілген іс-шаралар: «Туған жер тарихын білу парыз» танымдық сағат, «Туған өлке табиғатымен

сырласу» табиғатқа шолу, «Жер-су аттарының шығу төркіні» танымдық сағат, т.б.

  1. 2010 жылдың қазан айынан бастап қолөнер үйірмесі жұмысын бастады. «Қолөнер» үйірмесі – Қолөнер жасөспірімдердің ой-өрісі мен білімдерін жан-жақты дамытуына әсері мол.

Үйірменің мақсаты: Жеткіншектердің бейнелеу, мүсіндеу, кесте тігу мен ою-өрнек қиып, тоқыма тоқып тағы басқада қолөнерден едәуірхабардар болуын, келешекте қандай мамандықты меңгерсе де жасөспірімдердің рухани өрісі мен дүниетанымын арттыру.Салт-дәстүріміздің үлкен бір саласы – қолөнерді үйреніп, болашақта осы үрдісті үзбей жалғастырып, ғасырлар бойы сақталып келе жатқан атакәсіпті меңгеруге үйретеді.

Үйірме мүшелері: Базарбай Жидек, Аманжолова  Ғалия, Отарбаева Әйгерім, Нығатай Ұлпан, Қойлыбаева Жібек, Аманбаева Мөлдір. Өткізілген іс-шаралар: Алғашқы үйірменің отырысында жалпылама қолөнер жайлы, қолөнердің сан алуан түрлері туралы әңгімеленді. Алдағы уақытта қолөнердің түрлерін жеке – жеке қарастырып жұмыс істеудеміз. Мысалға тоқыманың түрлерін үйрену, кесте тігу, ою-өрнек қию, сурет салу, қазіргі заман талабына сай биссермен жұмыс түрлерін үйрену жоспарланып отыр.

 «Қолөнер – дүниежүзінің әр халқына тән», «Өнерліге өріс кең», «Қазақ халқының дәстүрлі өнері», «Шеберлікке шек бар ма?», «Жүннен жасалатын бұйымдар»  т.б. іс-шаралар ұйымдастырылды.

  1. Ақтүбек үлгілі кітапханасында балаларға арналып ашылған «Жас толқын жырлайды» атты клубы 2011 жылдың қараша айынан бастап жұмыс істейді. «Жас толқын жырлайды» клубтың ұраны – «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы, Қиынан қиыстырар ер данасы». Клуб мақсаты: Оқушылардың өлең шығаруға деген құмарлығын арттыру, сөздік қорының молаюы, ой-өрісінің дамуы, рухани байлығының толуы, шығармашылық қабілетінің артуы.

Мәдениет үйінде өткізілген «Жалындаған жас ғұмыр» атты Тәуелсіздік күніне байланысты кеште өткен «Желтоқсан қаһармандары» деген кітап көрмесіне клубтың мүшелері тәуелсіздікке арнап шығарған өлеңдерін тарту етті. Клубтың төрайымы: Аманжолова Ғалиябану. Клуб мүшелерінің тізімі:Беркенова Гүлнұр, Дүйсенбаева Инабат, Сәкібаев Асылбек, Танауова Тілеужан, Ахметжанов Айбат, Жангирова Алтынкүл, Кенжебаева Жүлдыз, Нұрғалиев Жеңіс, Бекболатұлы Бейбарыс, Айкен Қызғалдақ.

  • Матералды-техникалық база: Ғимараттың үлгісі (типтік, бейімді) – биімді, Кітапхана орналасқан ғимарат (клуб, әкімдік, тұрғын үй және т.б.) – кітапхана клуб, Алып отырған аумағы – 150,Ғимараттың, үйдің жағдайы (жөндеу жұмысын керек етеді, апаттық жағдайда, күрделі жұмыс керек етеді, жөндеу жұмысы көптен бері болғандары және т.б.) – Күрделі жөндеу жұмысын керек етеді. Мекен – жайы: Ақтүбек ауылы, Телефон, эл. пошта –25 – 3– 94, aktubekbibl@mail.ru
  • Жиһаздары: көрме стеллаждары – 5, екі жақты стеллаждар – 5, компьютер үстелі – 2, оқырман үстелі – 5, телевизор тумбасы – 1, оқырман орындықтары – 10, берілім кафедрасы – 1, каталогтық жәшік – 1, құжаттарға арналған стеллаж – 1. Техникалық құралдар: фотоаппарат – 1;

  • «Электронная библиотека Комиссии по правам человека», СИН халық пайдаланушылығын есепке алу мақсатында қолданушыларды есепке алу журналы жүргізіледі. Кітапханашылар, оқырмандар арасында жарнамалық буклеттер, хабарландырулар, газеттік мақалалар арқылы таратылады.

  • Құрылған күні, егер қайта құрылған болса (үлгілі кітапхана ретінде) сол мерзімді көрсету:  1973 жылы ашылды, 2004 жылы үлгілі кітапхана болды. Ақтүбек  ауылының тұрғындар саны – 1 990 адам.

  • Жаңадан түскен кітаптар – 332, қазақ тілінде – 279, қаржыландыру – 249811,27 тг. Мерзімді басымдар – 16 дана, қаржыландыру – 62926,27 тг. Көп оқылатын журналдар –Айгөлек, Қазақстан әйелдері, т.б., мерзімді басылымдар: Егемен Қазақстан, Орталық Қазақстан, Ұлан, Жаңаарқа, Дала мен қала т.б.