Байшолақов Жасұлан

21.02.2016

Байшолақов Жасұлан Сайранұлы – 1971 жылы Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде туған. Қазақ спорт және туризм академиясын бітірген (2002). Самбо күресінен халықаралық дәрежедегі КСРО спорт шебері (1990). Жоғарғы санаттағы оқытушы-жаттықтырушы (2004). ҚР жастар арасындағы чемпионы (1971), қазақ күресінен республикалық спартакиаданың жүлдегері (1995). Бірнеше дүркін ҚР біріншілігінің, халықаралық турнирлердің жүлдегері болған. Жаңаарқа ауданындағы «Жас сұңқар» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің самбо күресінен жаттықтырушысы (2001-2007) болып еңбек еткен. 2007 жылдан дзю-до бөлімінің жаттықтырушысы. Самбо және дзю-до күрестерінен көптеген республикалық және халықаралық турнирлердің жеңімпаздарының бапкері.