Байшолақов Талғат

21.02.2016

Байшолақов Талғат Сайранұлы – 1964ж. Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде туған. Самбо күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері (1989). Жамбыл гидромелиоративтік институтын бітірген (1986). Әлем кубогінің жеңімпазы (Сан –Себастян, Испания, 1985). Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері (1987). КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы (1981). КСРО кубогінің екі дүркін жеңімпазы (1984, 1986), Қазақстанның 6 дүркін чемпионы. Жамбыл гидромелиоративтік институтында оқушы – жаттықтырушы, Қарағанды облысы «Еңбек резервтері» қоғамында оқытушы – жаттықтырушы (1986 – 96) болып істеді. 1996 жылдан Қарағанды облысының дзю-до, самбо, қазақ күресі федерациясының президенті. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Жұмаділдин Асан.Жаңаарқа.Дерекнама.-Алматы:Кенже-Пресс-Медиа,2003.-252 бет.

2.Жаңаарқа:Энциклопедия.-Алматы:Темірқазық,2009.-134 бет.