Байшолақов Қанат

21.02.2016

baisholakkanatБайшолақов Қанат Сайранұлы – 1961 ж. Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде туған. Дзю-до күресінен Қазақстанның әйелдер құрама командасының бас бапкері. Самбо күресінен қазақ жастары және ересектер арасында тұңғыш Әлем чемпионы. КСРО – ның еңбек сіңірген спорт шебері (1997). Самбо күресінен ҚР-ның еңбек сіңірген жаттығушысы (1998). КСРО құрама командасының мүшесі, жастар арасынан екі дүркін  КСРО чемпионы (1980-1981), екі дүркін Әлем чемпионы (1981, 1984), Еуропа чемпионы (1987), Еуропа

чемпионатының күміс жүлдегері (1982) Қазақстанның 5 дүркін чемпионы (1979-83). Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын (1983) және Алматыдағы спорт академиясын (1997) бітірген. Жаңаарқа ауданындағы «Жас сұңқар» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы, Алматыдағы Жоғары спорт шеберлігінің жетілдіру мектебінің жаттықтырушысы – оқушы болып істеді. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Жұмаділдин Асан.Жаңаарқа.Дерекнама.-Алматы:Кенже-Пресс-Медиа,2003.-252 бет.

2.Жаңаарқа:Энциклопедия.-Алматы:Темірқазық,2009.-133 бет.