Бидайық ауылдық үлгілі кітапханасы

21.02.2016
  • Бидайық ауылдық үлгілі кітапханасы – оқырмандар саны – 690,электронды қызмет көрсетуді пайдаланушылар – 245, келушілер саны – 5653, кітап берілімі – 18458, кітап қоры – 9372 дана, каз. тілінде – 6063 дана. Интернетке жұмсалған қаражат – 9800 тг. 
  • Қызығушылық үйірмелері (клубы) (барлығының тізімін жасау, мінездеме беру, қай жылдан жұмыс істейді, оның мүшелері кім, жұмыс мақсаты, қандай жетістіктері бар – ең негізгілері):

І.   «Денсаулығымыз – байлығымыз» қызығушылық клубы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің халқына Жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық-әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттілігі атап көрсетілген. Сондықтан Жолдаудағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттау шараларын белсендірек жүргіземіз. Әсіресе жас ұрпақтың бойына осы клуб арқылы тазалық пен сергектікті орнықтыру.

Төрайымы  СВА бас дәрігері Г.С.Абдрахманова, клуб мүшелері: Л.Терликбаева, А.Самаева, Г.Сиязова, Г.Мұқашева.

Денсаулық – басты байлық атты әңгіме сағаты сәуір айында өткізілді. Бұл шараға оқырман балалар 3,4,5 сыныптарында оқитын оқушылар қатысты. Клуб төрайымы Г.С.Абдрахманова денсаулық туралы әңгімелеп берді.

Тамыз айыда «Денсаулық фестиваліне» байланысты Л.Терлікбаеваның қатысуымен ертеңгілік жүргізіліп, балалар білгісі келген көптеген сауалдарының жауаптарын алды. Содан кейін балалар шағын көрініс қойды. Қазан айында 9-10 сынып арасында «Тазалық, саулық, өмірге –  темекісіз, есірткісіз» деген атпен сыр-сұхбат болды. Бұл сұхбатқа дәрігерлер Абдрахманова мен Терлікбаева қатысты. Балалардың дәрігерлерге қойған сұрақтары:

  1. Денсаулық үшін не пайдалы, не зиянды?
  2. Шылымның құрамында қандай улы заттар болды?
  3. Ішімдіктің адам ағзасына зияны қандай?
  4. Нашақорлықтан емделуге бола ма?

Осындай көптеген сұрақтарға толықтай жауап алды.

  • Матералды-техникалық база: Ғимараттың үлгісі (типтік, бейімді) – биімді, Кітапхана орналасқан ғимарат (клуб, әкімдік, тұрғын үй және т.б.) – кітапхана клуб, Алып отырған аумағы – 150,Ғимараттың, үйдің жағдайы (жөндеу жұмысын керек етеді, апаттық жағдайда, күрделі жұмыс керек етеді, жөндеу жұмысы көптен бері болғандары және т.б.) – Күрделі жөндеу жұмысын керек етеді. Мекен – жайы: Бидайық ауылы, Телефон, эл. пошта –24 – 8 – 58; bidaikbibl@mail.ru
  • Жиһаздары: көрме стеллаждары – 4, бір жақты стеллаждар – 2, екі жақты стеллаждар – 5, кресло-орындық – 2, компьютер үстелі – 2, оқырман үстелі – 5, балалар үстелі – 2, телевизор тумбасы – 1, оқырман орындықтары – 10, балалар орындығы – 4,  берілім кафедрасы – 1, каталогтық жәшік – 1. Техникалық құралдар: телевизор – 1, фотоаппарат – 1;
  • «Электронная библиотека Комиссии по правам человека», СИН халық пайдаланушылығын есепке алу мақсатында қолданушыларды есепке алу журналы жүргізіледі. Кітапханашылар, оқырмандар арасында жарнамалық буклеттер, хабарландырулар, газеттік мақалалар арқылы таратылады.
  • Құрылған күні, егер қайта құрылған болса (үлгілі кітапхана ретінде) сол мерзімді көрсету:  1960 жылы Бидайық ауыл құрылды, сол жылдары кітапхана жұмыс істеп келді, ал  2004 жылы Қарағанды облысының әкімінің шешімімен үлгілі кітапхана болды. Бидайық  ауылының тұрғындар саны – 1 606 адам.

Жаңадан түскен кітаптар – 380, қазақ тілінде – 306, қаржыландыру – 270947,63 тг. Мерзімді басымдар – 16 дана, қаржыландыру – 69982,63 тг. Көп оқылатын журналдар –Айгөлек, Қазақстан әйелдері, т.б., мерзімді басылымдар: Егемен Қазақстан, Орталық Қазақстан, Ұлан, Жаңаарқа, Дала мен қала т.б.