Битабаров Шайхымардан

21.02.2016

Битабаров Шайхымардан балуан. Битабар балуанның кенже ұлы. Шайхмардан Ақмоладағы теміржол училищесінде оқып жүргенде, еркін күрестен спорт шебері болған. Шайхмардан 1940 жылы туып, 1990 жылы қайтыс болған. Тепловоз машинисі, аудандық совет атқару комитетінің спорт жөніндегі бөлім меңгерушісі болған.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Жұмаділдин Асан.Жаңаарқа.Дерекнама.-Алматы:Кенже-Пресс-Медиа,2003.-252 бет.