Волобуев Әли – Сұлтан

21.02.2016

alisultanВолобуев Әли – Сұлтан (Сергей)– 1965ж. Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде туған. Қарағанды облыстық «Жас сұңқар» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің дзю-до бөлімінің аға бапкері. Мамандығы инженер – құрылысшы, Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын бітірген (1990). Самбо күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері (1989), қазақ күресінен (1987) және дзюдо күресінен(1993) спорт шебері. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1989), Әлем кубогінің иегері (1992), самбо күресінен Еуропа чемпионатының қола жүлдегері (1993), Азия чемпионы (1994), ҚР екі дүркін чемпионы (1986, 1993), О.Жандосов атындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы (1993), ҚР қазақ күресінен бірнеше дүркін чемпионы. 1983 – 89жж. Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтында жаттықтырушы болып істеген. Жаңаарқа ауданында  (1989 – 92), Шымкент (1992 – 96)және Орал қалаларының балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің (1997 -2002) оқытушы – жаттықтырушы болып қызмет атқарған.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Жұмаділдин Асан.Жаңаарқа.Дерекнама.-Алматы:Кенже-Пресс-Медиа,2003.-252 бет.

2.Жаңаарқа:Энциклопедия.-Алматы:Темірқазық,2009.-180 бет.