Ералиев Шәбден

21.02.2016

Ералиев Шәбден (1898-1928) – партия, кеңес, мемлекет қайраткері, Қазақстан Кеңес өкіметін орнатуға белсене қатысушы. Жаңаарқа ауданында туған. Тәшкен жер шаруашылығы училищесін (1915), осы қаладағы 2 сыныптық училищені, Ішкі істер Халық комиссариатының курстарын бітірген. Тәшкен уездік комитетінің қызметкері (1921ж. дейін), Бүкілресейлік ауылшаруашылық санағының тіркеушісі, жер бөлімінің меңгерушісі, аудандық милиция бөлімінің бастығы, БК(б)П Тәшкен ұйымы Президиумының хатшысы, Түркістан майданы саяси бөлімінің мүшесі болып істеген. Түркістан республикасы милиция басқармасының инспекторы (1921-23), Ақмола уездік, губерниялық милиция бастығы (1923-27) қызметтерін атқарған. 1927ж. Қазақ АКСР ОАК-ның мүшесі болып сайланған. 1928ж. 2 қарашада Маңғыстау облысындағы Адай gkfx округтік атқару комитетінің төрағасының орынбасары болып істеп жүргенінде, іссапар кезінде Каспий теңізінің үстінде кемеден із-түзсіз жоғалып кеткен. Қазақстандықпен өлтірілген деген айып тағылып, атышулы «Ералиев ісі» деген қылмыстық іс қозғалған. Нәтижесінде, 70 адам тұтқындалып, 61-і сотталған (9 адам тергеу кезінде түрмеде өлген). Алайда, КСРО Жоғарғы Сотының әскери коллегиясы 1958ж. 8 наурызда бір жылдан кейін денесі теңізден табылған Ш.Ералиевтің мүрдесіне жасалған медицина сараптамасын негізсіз деп тауып, айыпталғандарды ақтап шықты. Ш.Ералиевтің есімімен Жаңаарқа ауданында селолық округ және көше аталады. Маңғыстау өңіріндегі Ш.Ералиев атындағы аудан мен ауылдың аты 90-шы жылдары өзгертіліп, Қарақия ауданы (орталығы Құрық) деп аталады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Жаңаарқа:Энциклопедия.-Алматы:Темірқазақ,2009.-193 бет.

2.Жұмаділдин Асан.Жаңаарқа.Дерекнама.-Алматы:Кенже-Пресс-Медиа,2003.-489 бет.