Есенов Қорабай

21.02.2016

-Қорабай Әбікенұлы Есенов 1948 жылы Жаңаарқа ауданы Атасу поселкасында туған. Әкесі Әбікен өлең шығаратын, әрі домбырашы, балуан адам болған. Қорабай орта мектептен кейін Целиноград ауылшаруашылық институтын бітірген. Мектеп қабырғасынан көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысқан Қорабай институтта оқыған жылдары өнерін шыңдай түсіп, ел аузына іліккен. Гитараға қосылып орындаған әндері республика көлеміне кеңінен тарап, жастардың жиі және сүйіп айтатын әндеріне айналады. Әсіресе, Қ.Есеновтың жерглікті әуесқой композитор Ж.Әлімхановпен шығармашылық одағы өте жемісті болған. К.Салықовтың өлеңдеріне жазылған Ж.Әлімхановтың «Атамның берген ақылы», «Досымның сөзін ұғарсың», «Сағыныш» әндері Қорабаевтың орындауында радиодан беріліп және ән табағына жазылып жарыққа шықты. 1987 жылы Қ.Есенов екінші республикалық байқаудың лауреаты атанды. Оның орындауындағы көптеген әндер республикалық әндер жинағының алтын қорына енген.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Жаңаарқа:Энциклопедия.-Алматы:Темірқазық.-198 бет.

2.Жұмаділдин Асан.Жаңаарқа. Дерекнама.-Алматы:Кенже-Пресс-Медиа,2003.-361 бет.