Жарылғапов Ғалым

21.02.2016

zharylgapulyЖарылғапов Ғалым (1939 – 1984) – Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде туған. Қазақ мемлекттік дене тәрбиесі институтын бітірген. Бокстан КСРО спорт шебері, Қаз КСР – ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Қарағанды политехникалық институтының дене тәрбиесі кафедрасында оқытушы, облыстық комсомол комитетінде спорт және қорғаныс – бұқаралық жұмыстары бөлімінің меңгерушісі (1961 – 66), Қарағанды денешынықтыру және спорт техникумының директоры (1966 – 79), Қарағанды облыстық денешынықтыру және спорт комитетінің төрағасы (1979 – 84) қызметтерін атқарды. «Еңбек резервтері» ерікті спорт қоғамы республикалық Президиумының және Қарағанды облыстық Кеңесінің мүшесі, облыстық орта арнаулы оқу орындары дт ректорлар кеңесі төрағасының орынбасары, 1962 жылдан 1984 жылға дейін облыстық бокс федерациясының  төрағасы болды. Спорттағы жетістіктері: жасөспірімдер арасында Қазақстан біріншілігінің (1957), «Буревестник» ерікті спорт  қоғамының республикалық кеңсі біріншілігінің (1959), ерікті спорт қоғамының республикалық кеңесі біріншілігінің (1959), ерікті спорт қоғамдары мен денешынықтыру ұжымдары арасындағы республикалық жарыстың, Орта Азия мен Қазақстан студенттері біріншілігінің (1960), «Еңбек резервтері» ерікті спорт қоғамы біріншілігінің (1962) жеңімпазы атанды. «Еңбектегі ерлігі үшін» меделімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, БЛКЖО Орталық комитетінің «Комсомолдағы белсенді жұмысы үшін», «КСРО кәсіптік – техникалық білім беру ісінің үздігі», «ҚазКСР кәсіптік – техникалық білім беру ісінің үздігі»,»КСРО дене тәрбиесі және спорт үздігі» белгілерімен марапатталған. Қарағанды қаласында жыл сайын Ғ.Жарылғаповты еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир өтеді. Оның есімімен Жаңаарқа ауданындағы  кәсіптік лицей аталған.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Жұмаділдин Асан.Жаңаарқа.Дерекнама.-Алматы:Кенже-Пресс-Медиа,2003.-253 бет.

2.Жаңаарқа:Энциклопедия.-Алматы:Темірқазық,2009.-236 бет.