Кемалұлы Жақсыкелді

21.02.2016

Zhaksykeldi_KemelovКемалұлы Жақсыкелді 1960 жылы бұрынғы «Дружба» совхозының Ақтүбек бөлімшесінде туған. Әнші, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің оқытушысы. Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты (1992). Ресей-Қазақстан гуманитарлық университетін бітірген. Бірінші республикалық «Жігер» (Алматы, 1985), республикалық «Жастар дауысы» (Алматы, 1987) фестивальдерінің лауреаты. Көптеген шет елдерде өнер көрсеткен. 1988 жылдан бері Қарағандыдағы Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әншісі. Репертуарында қазақтың халық әндері басым. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

 Пайдаланылған әдебиетттер:

1.Жаңаарқа:Энциклопедия.-Алматы:Темірқазық,2009.-268 бет.

2.Жұмаділдин Асан.Жаңаарқа.Дерекнама.-Алматы:Кенже-Пресс-Медиа,2003.-357 бет.