Кітап қорын толықтыру және әдебиеттерді өңдеу бөлімі

21.02.2016

Кітап қорын толықтыру және әдебиеттерді өңдеу бөлімі кітапхана қоры мен мерзімді басылымдар қорын ең алдымен мемлекеттік тілдегі басылымдармен ОКЖ жарғысының міндеттеріне, оқырмандар құрамы мен олардың сұранысын негізге ала отырып, толық  ғылыми – дәйекті және жедел толықтыруды, оларды үнемі жаңартылып отыруын қамтамасыз етеді. Әдебиеттерді жедел өңдеу және жүйелеу, кітапхана қорын каталогтар мен картотекалардың бекітілген жүйесі арқылы толығынан ашып көрсетеді. Кітап қорын толықтыру және әдебиеттерді өңдеу мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетеді. Бөлім мерзімді басылымдарға жазылуды ұйымдастырады, олардың тұрақты түсіп отыруын және түспеген сандарын рекламациялауды қатаң бақылайды. Түскен әдебиеттерді белгіленген тәртіп бойынша қабылдайды, есебін жүргізіп, оларды тіркеуге алып отырады. ОКЖ каталогтар мен картотекалар тізіміне сәйкес кітапхананың каталогын карточкалық және электронды түрде, сондай-ақ мерзімді басылымдардың Алфавиттік каталогын жүргізеді. Олардың біртұтастығын және сақталуын қадағалайды.

Қызметкерлері:

Смайлова  Жұмабике  Сьезқызы  1970  жылы   Қараағаш  ауылында  дүниеге келген. 1977 – 1987 жылдары орта мектепті  бітірді. 1987  жылы Жезқазған   Сәтбаев  қаласындағы  Мәдени  ағарту  учелищесіне түсіп, 1989 жылы  «Кітапхана мамандығын» бойынша бітіріп шықты. 1989 жылдың 1-ші тамызынан бастап Жаңаарқа  аудандық  орталықтандырылған  кітапханаға  кітап толықтыру бөліміне  кітапханашы  болып қызметке  орналасты. 1992 жылы балалар кітапханасында аға кітапханашы,  2007 жылы библиограф,  2010 жылы  кітап алмастыру бөлімінде аға кітапханашы,  2012  жылы балалар әдіскері 2013 жылы библиограф қызметтерін атқарды.  2017 жылдан бастап кітап толықтыру бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқаруда.

 

 

 

Жапина Бибігүл Жақсыбайқызы 1981 жылы туған. Білімі жоғары. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік Университетін информатика мамандығы бойынша 2011 жылы оқып бітірген. 2009 жылы аудандық кітапханаға іс-жүргізуші болып қабылданды. 2012 жылдан бері электронды қызмет көрсету бөлімінде деректер қорының редакторы қызметін атқаруда.

 Жунусова Назгуль Сапаровна 1973 жылы туған. Қарағанды қаласындағы Тәттімбет атындағы өнер колледжінде «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша оқып, кітапханашы мамандығын алып шықты.

Н.Жунусова 2009 жылы аудандық кітапханаға кітапханашы болып қабылданды. Сол жылдан бері кітап алмастыру және қызмет көрсету бөлімдерінде кітапханашы болды. 2011 жылдан бері кітап толықтыру және өңдеу бөлімінде кітапханашы болып қызмет етуде.