Мұхамедин Ғалым

21.02.2016

434_2761b0a7a721dc2b8e06c2f8f57be21bҒалым Мұхамедин Жаңаарқа ауданы Талдыбұлақта 1952 жылы туған. Орта мектепті бітірген соң республикалық эстрада өнері студиясында Ж.Елебеков класын 1975 жылы бітірген.

Ғалым Мұхамедин 1985 жылы жастардың республикалық Ә.Қашаубаев атындағы байқаудың жүлдегері болды. 1975 жылдан бері Жезқазғандағы Тайжан buy Қалмағанбетов атындағы филармонияның әншісі. Репертуарында халық композиторлары Біржанның, Жаяу Мұсаның, Ақан серінің, Ыбырайдың, Мәдидің әндері басым.

            1995 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі атағын алған.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Жаңаарқа:Энциклопедия.-Алматы:Темірқазық,2009.-352 бет.

2.Жұмаділдин Асан.Жаңаарқа.Дерекнама.-Алматы:Кенже-Пресс-Медиа,2003.-357 бет.