Оспанов Серік

21.02.2016

Serik_OspanovСерік Кәрібайұлы Оспанов 1957 жылы Түгіскен ауылында туған. Әнші, ҚР еңбек сіңірген әртісі (1995). Республикалық «Жігер» фестивалінің жеңімпазы (1985), І, ІІ, ІІІ Бүкілодақтық халық шығармашылығы байқауларының лауреаты. 1974-92 жж. Жаңаарқа ауданында (Ақтүбек, Атасу т.б.) мәдени қызмет көрсету саласында еңбек етті. 1992 жылы Тайжан Қалмағанбетов атындағы Жезқазған мемлекеттік филармониясының директоры және көркемдік жетекшісі болып тағайындалды. Қазірде Астана қаласында С.Сейфуллин мұражайының директоры болып істейді. Әр жылдарда Венгрия, Алмания, Франция, Италия, Иран сияқты шет елдерде өткен өнер байқаулары мен мәдениет күндерінде қазақ өнерін насихаттады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Жаңаарқа:Энциклопедия.-Алматы:Темірқазық,2009.-373 бет.

2.Жұмаділдин Асан.Жаңаарқа.Дерекнама.-Алматы:Кенже-Пресс-Медиа,2003.-364 бет.