Сейдімбеков Аманбек

21.02.2016

Сейдімбеков Аманбек (1905-1976) – Жаңаарқа ауданында туған. ҰОС-на қатысушы (1942-43). 1930 ж. «Өркен» мойынсерігін басқарған. «Өркендеу» (1943-46), «Еркіндік» (1946-49), «Ынтымақ» (1949-51) ұжымшарларында ауылдық кеңестің төрағасы, exness «Өркендеу» ұжымшарының бөлімше меңгерушісі (1951-54), «Атасу» ұжымшарының төрағасының орынбасары (1954-56), бөлімше меңгерушісі (1956-65) қызметтерін атқарған. Еңбекте беделді, елге сыйлы адам болған.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Жаңаарқа:Энциклопедия.-Алматы:Темірқазық,2009.-404 бет.

2.Жұмаділдин Асан.Жаңаарқа.Дерекнама.-Алматы:Кенже-Пресс-Медиа,2003.-501 бет.