Сматай Үмбетбаев

21.02.2016

Smatai_UmbetbaevСматай Үмбетбаев 1947 жылы Жаңаарқа ауданы Түгіскен ауылында туған. Қобызшы, сазгер, ел ішінен шыққан ерекше дарын. Қобыз тартуды өз бетімен үйренген. 1968 жылы Жаңаарқа ауданындағы шопандар тойында, 1972 жылы Жамбылдың 125-жылдық тойында көзге түсіп, Алматы мемлекеттік консерваториясына қабылданды. 艾福瑞 Белгілі қобызшы Дәулет Мықтыбаевтан 4-жылдай дәріс алады. Қазақконцертте, Жамбыл атындағы филармонияда (1979 жылдан) қобызшы болып істейді. Португалия, Жапония т.б. елдерде өнер көрсетеді. Сонымен қатар, С.Үмбетбаев қобыз, домбыра жасайтын асқан шебер. «Жайнаған өлке», «Бір қалқа» т.б. күйлердің авторы.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Жаңаарқа:Энциклопедия.-Алматы:Темірқазық,2009.-446 бет.