Сәтжанов Қамзе

21.02.2016

satzhanovСәтжанов Қамзе -1937ж. Жаңаарқа ауданында туған. Партия-кеңес, шаруашылық қызметкері. Жаңаарқа ауданының құрметті азаматы. Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. Жаңаарқа ауданы «Жеңіс» кеңшарында кәсіподақ комитетінің төрағасы (1962), «Дружба» кеңшарында партком хатшысы (1963-65), Жаңаарқа аудандық атқару комитетінде төрағаның орынбасары (1965-85) болып істеген. 1985 жылы орман шаруашылығына директор болып  如何炒外汇 келіп, бұл қызметті аз ғана үзілістен кейін қайта жалғастырып, 1996 жылға дейін атқарды. Х.Сәтжанов Уәли ханға ауысқан Абылай ханның торқа тонын сан жылдар бойы сақтап, 2009ж. Астанадағы мұражайға тапсырғанымен де белгілі азамат. ҚР Президенттік мәдениет орталығы 2007 ж. «Алтын самұрық» сыйлаған. Бірнеше медальдермен, республикалық, облыстық, аудандық деңгейдегі құрмет грамоталарымен марапатталған.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Жаңаарқа:Энциклопедия.-Алматы:Темірқазық,2009.-402 бет.

2.Жұмаділдин Асан.Жаңаарқа.Дерекнама.-Алматы:Кенже-Пресс-Медиа,2003.-501 бет.