Тілеуханов Мұхаметжан

21.02.2016

Mukhametzhan_TileukhanМұхаметжан Тілеуханов Қанайұлы – 1946 жылы Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде туған. Шебер домбырашы, сазгер – күйші. Республикалық күй жарыстарының жеңімпазы. Мамандығы – есепші-экономист, Алматы халық шаруашылығы институтының түлегі (1968). 1965-66 жж. жастар мен студенттердің республикалық конкурстарының лауреаты атанды және Тәттімбет, Тоқа, Дайрабай күйлерін радиоға жаздырып, Алматы теледидарынан күйлері берілді. 1970 жылы М.Тілеуханов туралы (4 ән, 8 күй) республикалық теледидар фильм түсірді. 70-ші жылдары Қарағанды теледидары арқылы бірінші рет Сайдалы Сары Тоқаның күйлерін насихаттап, fxdd外汇 телехабарлар ұйымдастырды. 1972 жылы Жамбылдың 125-жылдық тойында орындаған күйлері С.Мұқанов, Р.Қошқарбаев, Р.Бердібаев, Р.Бағлановалардың тарапынан жоғары баға алды. 1973 жылдан «Ұлытау» ансамблінің мүшесі болып істеді. Ансамбльмен бірге Мәскеуде космонавттардың «Жұлдызды қалашығында» болды. 1974 жылы ансамбль құрамында ГДР-да, 1975 жылы ГФР-да, 1976 жылы Үндістанда, 1977 жылы Францияда өнер көрсетті. 1975 жылы «Қазақ КСР-на еңбегі сіңген мәдениет қызметкері» атағын алды. 1972-75 жж. күйтабақтары, 2008 ж. күйлері жазылған кітапшасы шықты. «Арман-ай» (1973), «Шабыт» (1975), «Тағдыр-ай» (1989), «Нұрқосбасар» (2008) т.б. күйлердің авторы.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Жаңаарқа:Энциклопедия.-Алматы:Темірқазық,2009.-442 бет.