Түсбаев Ғалым

21.02.2016

Galym_TusbaevТүсбаев Ғалым – 1938 жылы Жаңаарқа ауданы №6 ауылда дүниеге келген. Дәрігер, Қарағанды медицина институтының түлегі (1962). Медицина ғылымдарының кандидаты (1967). 1962-75 жж. аралығында Қарағанды медицина институтында топографиялық анатомия және оперативтік хирургия кафедрасының аспиранты, ассистенті, доценті болған. 1975-82 жж. Бүкілодақтық хирургия ғылыми орталығының шағын хирургия зертханасының аға ғылыми қызметкері, КСРО медицина ғылымдары Академиясы Сібір бөлімінің зертханасының ғылыми қызметкері болып, белгілі академиктер Б.Огневтің және Ю.Бородиннің жетекшілігімен еңбек етті. 1985-2002 жж. Қарағанды Мемлекеттік медицина академиясының доценті қызметін атқарды. 2003 жылдан бастап «Фемида» заң академиямында доцент болып жұмыс істейді. 101 ғылыми мақалалардың, 11 өнертапқыштық еңбектердің, тұңғыш рет қазақ тілінде жазылған «Адамның функционалдық анатомиясы» монографиясының (1999) авторы. Көптеген халықаралық конференциялар мен симпозиумдарға қатысушы.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Жаңаарқа:Энциклопедия.-Алматы:Темірқазық,2009.-438 бет.

2.Жұмаділдин Асан.Жаңаарқа.Дерекнама.-Алматы:Кенже-Пресс-Медиа,2003.- 479 бет.