Түсіпбеков Отаншыл

21.02.2016

tusipbekovТүсіпбеков Отаншыл -1938ж. Жаңаарқа ауданында туған. Партия, комсомол, кеңес қызметкері. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы. Қарқаралы зоттехникалық – малдәрігерлік техникумын және Жоғары партия мектебін (1969) бітірген. Еңбек жолын аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшылығынан бастаған. 1961-91жж. Аралығында Жаңаарқа ауданында комсомол, 嘉盛外汇 партия және кеңес органдарында жауапты қызметтер атқарған. Аупарткомның ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, аупарткомның хатшысы болып еңбек еткен. 1991-98жж. Аудандық халықты  әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы болған. Бірнеше медальдермен, аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі құрмет грамоталарымен марапатталған.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Жаңаарқа:Энциклопедия.-Алматы:Темірқазық,2009.-439 бет.

2.Жұмаділдин Асан.Жаңаарқа.Дерекнама.-Алматы:Кенже-Пресс-Медиа,2003.-5003 бет.